Posted on

WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының салтанатты түрде жабылуы

3

 

Мерзімі: 2016 жылдың 15 қыркүйегі

Уақыты: сағ. 18.00 – 19.30

Өткізу орны: Астана қ., «Қазақстан» концерт залында.

 

2016 жылдың 15 қыркүйегінде  WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының салтанатты түрде жабылуы және WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, жарыстың қорытындылары бойынша 2016 жылы Қазақстан Республикасы EuroSkills Халықаралық ұйымының мүшесі болғандықтан  Гетеборг (Швеция) қаласында өтетін чемпионатқа ұлттық құрама жинақталады.

Бұл шара  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша тапсырмасын орындау салдарында жүргізілуде.

Биыл өткізілген Ұлттық чемпионаттың негізгі мақсаты – жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге тарту. WorldSkills қозғалысы еліміздің жас мамандарына, алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты Астана қ. 2016 жылдың 12 және 15 қыркүйек аралығында өткізіліп жатыр. Чемпионатта 15 құзыреттілік бойынша сайыс өтуде. Оларға: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамхана сервисі (даяшы), кондитер ісі,  шаштараз ісі, желілік және жүйелік басқару, веб-құрастыру, мехатроника, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, кірпіш қалау, дәнекерлеу жұмыстары, сырлау және декоративтік жұмыстар, плиткамен қаптау, мектепке дейінгі тәрбие, киім дизайны, электр монтаждау жұмыстары жатады.

Байқауға ҚР 16 өңірінен, Астана және Алматы қалаларынан келген 140 үміткер қатысуда.

 

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz сайтында жарияланған ақпараттан, сондай-ақ, 8 (7172) 79-45-36 және 8 775 208 94 39 телефондары арқылы Рысбетова Назымға хабарласып, алуға болады. E-mail: naz.kaz@mail.ru