Posted on

Өңірлік деңгейдегі «Қазақстандағы Турин процессін» өткізу шеңберіндегі оқыту семинары

Күні: 2018 жылғы 19-20 сәуір
Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік көш., 39. Политехникалық колледж

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеуін өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыру аясында 2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында Астана қ. Білім басқармасының «Политехникалық колледж» МКҚК базасында өңірлік деңгейде «Турин процесі» оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Еуропалық Білім қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығының, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының Білім басқармаларының, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» БАҰО өкілдері қатысты.
Семинардың бағдарламасы 2018 жылы «Қазақстандағы Турин процесі» өткізудің мақсаттары мен міндеттерін, Турин процессінің төрт қағидаты және талдау шеңберін, сандық және сапалық мәліметтерін қарастырды.
2017 жылғы «Қазақстандағы Турин процесін» өткізу қорытындысы бойынша 4 пилоттық өңір өкілінің (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстары) қатысуымен панельді пікірталас өткізілді.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар еңбек нарығының индикаторлары, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кіріспе және шаралар, сондай-ақ аналитикалық талдау шеңберінің бөлімдері бойынша өзекті мәселелерді толық ашып, талқылауға мүмкіндіктері болған фокус-топтың жұмысын ұйымдастыруды қамтыды.
2018 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды және өңірлік деңгейде «Қазақстандағы Турин процессін» өткізу кестесі қарастырылды.

«Қазақстандағы Турин үрдісін» 2018 жылы өткізудің мақсаттары мен міндеттері».
Ширгатова Рауза Равильевна, ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің Әріптестік және халықаралық жобалар басқармасының басшысы.

«Қазақстандағы Турин процессі» және оның Қазақстанда дамуы». Ахметова Айжан Төлеуқызы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Турин процессінің төрт қағидаты және талдау шеңбері. Кристин Хемшмайер, Қазақстандағы Еуропалық білім қоры қызметінің бас сарапшысы және өңіраралық үйлестірушісі.

Сандық және сапалық мәліметтерге кіріспе. Ева Янсова, Еуропалық білім қорының статистикалық мәліметтерді талдау мәселелері бойынша аға сарапшы.

Кульжанбекова Мейрамгуль Айткеновна, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жұмыспен қамту және кадрларды даярлауға байланысты талдау басқармасының жетекші маманы

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша кіріспе және шаралар. Байсакалов Алим Бегенович, ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту департаментінің бас сарапшысы.

Асель Саликова, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің бас сарапшысы.

Өңірлік деңгейде «Қазақстандағы Турин процессін» жоспарлау, өткізу. Санжар Татибеков, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Стратегиялық даму және мониторинг басқармасының бастығы.

Аманғазы Мағжан, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарушы директоры.

Семинар материалдары