Posted on

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу кезінде жұмыс берушілермен оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша «Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінің» тәжірибесін зерттеу» Республикалық семинар-практикумы

2018 жылғы сәуір айының 11-13 аралығында «Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінде» «Қолданбалы бакалавриатты енгізу кезінде жұмыс берушілермен оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінің  тәжірибесін зерттеу» тақырыбында семинар- практикум ұйымдастырылды.

Семинар- практикумға Жоғары колледждің 43 қызметкері және 95 директор, колледж директорларының орынбасарлары, колледждің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері және Қарағанды, Алматы, Астана, Атырау, Павлодар, Хромтау, Қызылорда, Қостанай, Шымкент, Шучье, Семей, Петропавл, Степногорск, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау қалаларының арнаулы пәндері оқытушылары қатысты.

«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ өкілі, бас менеджер Сауле Айтпековна Койлыбаева  «Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінің» тәжірибесін есепке ала отырып, қолданбалы бакалавриат үшін шоғырландырылған білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

      

Семинар бағдарламасының бірінші күні оқыту бейіні бойынша нақты тапсырмаларды орындау арқылы  колледждің шеберханаларындағы тәжірибеге бағыттап оқытудың хал-ахуалы ұсынылды. Жұмыс берушілердің кәсіпорындарынан өндірістік тапсырыстарды орындау және өнім шығару үдерісінде кәсіптік құзырлықтарды қалыптастыруға арналды.

Студенттердің төменгі КББ-алаңында  кәсіби тапсырмалар жиынтығының жұмысы ұсынылды:

  • техникалық қызмет көрсету және компьютерлік диагностикалау зертханасында (Коныбаев Б.Е. – автомеханикалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі);
  • станокты оқу-өндірістік шеберханаларда  (Тулентаева А.К.-өндірістік оқыту шебері);
  • металл кесетін жабдықтардың оқу-өндірістік шеберханасы (Попов И.В.- өндірістік оқыту шебері);
  • ағаш өңдеу ОӨШ  (Шульдайс Павел Александрович – ЖК-К аға шебері)
  • HAAS оқу-өндірістік орталықта (Кранин А.И.- СББ ОӨО меңгерушісі).

            

Арнаулы пәндер оқытушысы Х.У. Каркимбаева заманауи геодезиялық электрондық және лазерлік қондырғылар мен құралдарды пайдалана отырып, полигонда құрылыс мамандықтары бойынша білім беру геодезиялық тәжірибесінің жүргізілуін көрсетті.

Шет тілі өз мамандығы бойынша білім деңгейін көтеру және студенттің кәсіби бағдарлануын қалыптастырдың құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда мамандық бойынша шет тілі мамандыққа арналған  тілге айналуда.

Осыған байланысты М.В. Вачугова ағылшын тілі оқытушысы семинарға қатысушыларының назарына өзінің әзірлеген кәсіби бағдарланған оқыту мақсатында ағылшын тілін үйрену кезінде қолданатын цифрлық білім беру ресурстарын ұсынды.

         Жаратылыстану-математика циклінің оқытущылары  (Бекмагамбетова З.К.- математика пәнінің оқытушысы;   Жакиенова Э.Б. – химия және биология пәнінің оқытушысы) ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстару-математика пәндерді мысалға ала отырып, одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті студенттердің білімін, дағдыларын, кәсіби қасиеттерін қалыптастыру жолдарын көрсетті.

         ОӨЖ жөніндегі директордың орынбасары В.В. Гапеев қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды дайындауда жұмыс берушілердің заманауи талаптарымен таныстырды. Содан кейін олар тәжірибе өтетін ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарын шығаратын «КазАгро инновациялық корпорацияны», кірпіш өндіретін «ENKI» зауытын аралады.

2 секцияда: «Техникалық мамандықтар бойынша шоғырланған орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі»семинарға қатысушыларға келесі ақпараттар ұсынылды:

– «Қолданбалы бакалавриаттың шоғырланған білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тұжырымдамалық тәсілдер» (РОӘБ жөніндегі директордың орынбасары Титов А.В.)

– «Қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша оқитын мамандарды даярлаудағы модульдік кредиттік жүйені қолданудың ерекшеліктері»  (Калиева Г.Ж.-ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары).

– «1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамту (түрлері бойынша)» шоғырландырылған білім беру бағдарламасын әзірлеу әдістемесі

 (Ақпараттық жүйелері және бағдарламалау бөлімнің меңгерушісі Мергунов Г.А.)

  • 1410000 «Аэродромдар мен автокөлік жолдарын салу және пайдалану»

мамандығының мысалында ТжКББ МЖМБС және бакалавриат МЖМБС мемлекеттік білім беру мекемесінің пәндерін/модульдерін біріктіру кезіндегі салыстырмалы талдау (Чмелевская Е.Н.- арнаулы пәндер оқытушысы).

– «1014000 «Машина жасау технологиясы» мамандығының мысалында қолданбалы бакалавриат бағдарламасын іске асырудың траекториясы. (РакецкийО.Г.-машина жасау мамандықтар бөлімнің меңгерушісі).

– «Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалануға беру» мамандығының мысалында Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқитын студентке білім беру кейсін әзірлеу» (Магавина А.Ш.- ОІ жөніндегі директордың орынбасары)

– «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану беру» мамандығы бойынша «Зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды, курстық және дипломдық жобалауды, жобалау және инженерлік жобаларды жүзеге асыруда тәжірибелік басшылықты ұйымдастыру» (Коныбаев Б.Е.-автомеханикалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі).

Бакалавриат қолданбалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша семинар.

3секцияның жұмыс кезінде АТ жөніндегі директордың орынбасары А.Ж. Карифов «Жоғары колледж» (ЖК ААЖ) – колледждің оқу үдерісін автоматтандыратын үнемі жаңартылып, дамып келе жатқан білім беру платформасы: ИПҚ қызметінің мониторингі, сабақ кестесі және студенттердің сабаққа қатысу мен оқу үлгерімінің  электронды журналы, студенттерді тестілеу, сондай-ақ басқа да құрылымдық бөлімшелердің басқа да қызметтері ұсынылды. ААЖ колледж студенттері әзірлеген «Көкшетау қаласы, Жоғары колледжі» мобильді қосымшасына» көшіріледі, бұл студенттерге, оқытушыларға және ата-аналарға желідегі сабақ пен кестелермен танысуға мүмкіндік береді. Қолданбаға әлеуметтік желідегі және YouTube арнасындағы ресми колледж беттерінің сілтемелері бар. Сондай-ақ, қолданба қызметі өткен оқиғалардан фотосуреттерді көруге және соңғы жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Колледж оқытушылары оқу процесіндегі цифрлық мазмұнды қолдануды ұсынылды

Kahoot – викториналарды, дидактикалық ойындар мен тесттерді жасауға арналған бағдарлама. Ойын түрінде оқу үшін тегін алаң,

кез келген академиялық пәнге және кез келген жасқа жарамды.

Bubbl.us–   интеллектуалдық карталар мен ми шабуылын жасауға арналған онлайн-сервис.

Gmail–   Google-дан тегін пошталық қызмет. Gmail пошта тіркелгісі сенімділік, қауіпсіздік, басқару ыңғайлылығы және мобильді қызметтермен біріктіруге байланысты негізгі электрондық пошта мекенжайы ретінде пайдаланудың жақсы мүмкіндігі.

Movavi  –  Қарапайым және интуитивті бейне редактор, сіздің бейнеңізді толыққанды фильмдерге айналдыруға көмектеседі. (Абишева Г.С. – арнаулы пәндер оқытушысы; Сейлбекова С.Ж.-қазақ тілі және әдебиет оқытушысы; Кожахметова Д.У.- ағылшын тілі пәнінің оқытушысы; Каримов А.С.- арнаулы пәндер оқытушысы).

4 секция «Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыруда инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзырлықтары»

Колледж әдіскерлері  Б.С. Есентурова және Г.К. Кожахметова заманауи оқытушының кәсіби құзырлықтары туралы және білім берудің құзырлықтарына бағытталған білімін ескере отырып, оқытушылардың біліктілігін арттыру туралы сөз қозғады.

Колледждің 2 оқытушысы шетелдік тәжірибеден өтті:

Абдыгапаров Асет Мерекеевич – ақпараттық жүйелер оқытушысы «Оқытушылар үшін академиялық ағылшын тілі» Глазго қ.,Ұлыбритания.

Мадгулов Казбек Анарбекович – арнаулы пәндер оқытушысы. «Іскерлік ағылшын тілін жетілдіру. Финляндиядағы басшылық пен көшбасшылықтың заманауи әдістері»

Олар семинар қатысушыларын шетелде өткен тәжірибелерімен және арнаулы пәндер сабақтарында үштілділікті енгізу мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды қолданумен таныстырды.

Содан кейін FronPage (Ибраева С.Д., Амангельды Айжан – арнаулы пәндер оқытушылары) және AutoPlay (Тарасевич И.В.- арнаулы пәндер оқытушысы) бағдарламасында компьютерлік бағдарламасында цифрлық білім беру ресурстарын дамыту әдістемесі бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізілді.

– «Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврларды дайындауда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану (Аханова Г.Ж.- арнаулы пәндер оқытушысы).

«Құрылыс индустриясының экономикалық пәндеріне қолданбалы бакалаврларды дайындауда оқу процесінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану»(Мешелева Г.Ф.- арнаулы пәндер оқытушысы).

«Автомобиль көлігін жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврларды дайындауда оқу үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану

– «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану беру» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврларды дайындауда оқу үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану.(Баймуканов А.М.- арнаулы пәндер оқытушысы).

  • «Қәсіби қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдануының тиімді жолдары». Кожабаева Х.Ш.-қ қазақ тілі және әдебиеті пәндері оқытушы.
  • «Ағылшын тілін оқытудағы ЦББР қолдану техникалық мамандықтардағы студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігінің факторы ретінде» (Габбасова Н.О.-ағылшын тілі пәнінің оқытушысы).

Семинардың соңғы кезеңінде «Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» МКҚК директоры Еслямова А.К., «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» КММ  директоры Балабекова С.К, «Қарағанды көлік және технология колледжі» КММ директоры Сапарова А.К., «Атырау қаласы, Каспийдегі заманауи жоғары колледж» МКҚК директоры Рыскалиев Б. арасында  өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

  

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты және ұсынымдар берді.

Семинар материалдары


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307