Posted on

Наурыз Мейрамы құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

 

Наурыз мерекесі көне сал-дəстүрімізді сақтай отырып, заманауи өмірімізге сіңді. Сол кезеңдердегі осы мерекенің ең басты əдет-ғұрпы кешіру мен татуласу болды, сондықтан да Ұлыстың осы бір ұлы күні, күн мен түннің теңесуі шағында, барлық өкпе-ренішті кешіріп, айналаңызға жақсылық пен бақыт тілеп, əрекеттеріңіз бен ойларыңыздың жарқын болуына тілектеспіз!

Наурыз – қайырымдылық, үміт, сенімділік пен ынтымақтастықтың мерекесі. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың жігерілігінің, ұлтаралық қарым-қатынастар аясындағы мақсатты да тиянақты саясатының арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен татулық орнатылған.

Сіздерді осы тамаша мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық береке, табыс тілейміз! Біздің ортақ үйіміз, Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейе берсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 

 

«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ