Posted on

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу: мәселелері мен шешу жолдары» Республикалық семинары

2018 жылдың 13 наурызында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы қолданбалы дағдыларды меңгеру мен теориялық дайындықты ескеретін қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізуді қамтамасыздандыру мақсатымен «Қолданбалы бакалавриатты енгізу: мәселелері мен шешу жолдары» Республикалық семинарды өткізді.

Семинар жұмысына Финляндия, JAMK қолданбалы ғылымдар Университеті, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізіп жатқан колледждер мен ЖОО-ры қатысады (185 адам).

Семинарды «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ының төрағасы – Аршабеков Нұрғали Рақымғалиұлы ашты. Өз сөзінде Аршабеков Н.Р. Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавриаттың принциптері мен тұжырымдамалық амалдарында тоқталды. Қатысушыларды ТжКБ ұйымдарындағы қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша Жол картасымен таныстырды. Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын енгізу мамандық дәрежелеріне (жұмысшы, техник, қолданбалы бакалавр) сәйкес келетін өндірістегі тәжірибелік дағдыларын меңгеру мен теориялық дайындықты ескеретін техникалық және кәсіптік білім беру мен жоғары білім берудің кәсіптік бағдарламалар интеграциясын қамтамасыздандыруы туралы айтты.

Финляндиядағы қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу бойынша JAMK қолданбалы ғылымдар Университетінің Менеджері – Хейкки Пуса тәжірибесімен бөлісті.

Холдинг қызметкерлері Далабаев Жанат Қуанышбайұлы және Боженов Асқар Зайыпұлы қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу мақсатында әдістемелік нұсқаулықтарды қолдану және сынақтық бірліктерді жинақтау мен алмастырудың техникалық негізі ретінде кәсіптік білім берудің Еуропалық кредиттік жүйесі (ECVET) туралы мәлімдеді.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен және қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген білім беру бағдарламаларын енгізу алгоритмімен «Көкшетау қ. жоғарғы колледжі» МҚКК директоры – Еслямова Ақнұр Қабиденқызы, «Білім беру» бағыты бойынша ОӘБ төрағасы – Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы және «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» ҚМКК директорының орынбасары – Синько Олеся Викторовна бөліскен болатын.

ТжКБ бағдарламаларын түйіндестіру мен жоғары білім және колледждер, ЖОО мен кәсіпорындардың өзара әрекеттестігі туралы «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» ҚМКК оқу бөлімінің меңгерушісі – Атантаева Алтынай Зейнұрқызы және «Өскемен политехникалық колледжі» ҚМКК директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – Нығметжанова Марал Құдайбергенқызы айтты.

Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес кадрларды дайындау туралы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің білім беру инновациялар мен Smart оқытулар Орталығының директоры – Шарипов Бахыт Жапарұлы таныстырды.

Ұлттық біліктілік шеңбері негізінде көпсатылы кәсіптік кадрлар дайындығының мазмұнының сабақтастығын қамтамасыздандыру жолдары туралы Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры – Булатбаева Күлжанат Нұрымжанқызы мәлімдеді.

Колледждердегі қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша сауалнамалау нәтижелерімен «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы бас менеджері – Қойлыбаева Сәуле Айтбекқызы таныстырды.

Семинар барысында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу шеңберінде ТжКБ ұйымдарының қызмет етуінің нормативтік-құқылық қамтамасыздандыруының өзекті мәселелері талқыланды, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар берілді.

         Семинар қортындысында нұсқаулықтар талқыланды және қабылданды.

Семинар материалдарын келесі сілтеме бойынша алуға болады: Семинар материалдары.