Posted on

Қасымова Гүлфайруз Қабденқызы


Еңбек жолын ШҚО Тарбағатай ауданды ауылдық мектепте мұғалімдік қызметін  педагогикалық институтты тәмамдағаннан кейін бастаған. 1978ж. Өскемен қаласындағы энергетикалық техникумның комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды және 1978 жылдан 1986 жылға дейін комсомол жүйесінде әртүрлі қызметтер атқарды, 1989 жылы Таврия ауданындағы райком партиясының хатшысы болып жіберіліп, әрі қарай Өскемен қаласындағы атқару комитеті председателінің орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Қасымова Г.К. Астана, Алматы қалалаларында сауда бөлімінің бастығы қызметін, әрі қарай Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, «Астана»  фондының  президенті және президент әкімшілігі мемлекеттік хатшысы және мемлекеттік инспекторы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті директорының орынбасары, Алматы  қаласы  әкімінің әйелдер істері және демографиялық саясат бойынша  кеңесшісі ретінде  қызмет  атқарды.

Астана қаласының әкімдігімен Касымова Г. К. білім беру, мәдениет саласын қолдауда, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға және В.Спиваков, М.Магомаев, Ж.Синявская және Е.Евтушенко, Н.Михалков сынды әншілермен концерттер, Ф.Оңғарсынова, Ұлықбек Есдәулеттің, Т.Мұхаметжановтардың авторлық кештері, «Демеу» бірінші отбасылық дәрігерлік амбулаториялары, «Шабыт» фестивалі, КВН және тағы басқа да барлық презентацияларды ұйымдастыруға белсенді қатысқан «Астана» қоғамдық қорын басқарды.

Қазіргі таңда Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры ретінде қызмет  атқаруда. Ол кісінің басшылығымен колледжде материалды-техникалық базалар нығайтылып, инновациялық технология формалары енгізілді және дамытылуда, кабинеттер мен зертханалар, жатақханалар мен оқу корпустарының ғимараттарына күрделі жөндеулер жүргізіліп, жабдықталынып жарықтандырылды.

Ол Болон келісімі аясында және халықаралық стандарт бойынша оқыту, интеллектуалдық даму, жас ұрпақты оқыту және тағылымдамадан өту шеңберінде ұйымдастырушысы болып табылады.

Колледжде «Fazer және Leipurin» финдік компанияларының дуальді оқыту жүйесі енгізілген. Еуропалық даму банкінің мамандарының бағалауы бойынша колледж «Әлемдік деңгейдегі колледж» колледж деп бағаланды.