Posted on

Еслямова Акнур Кабиденовна

Еслямова Акнур Кабиденовна – Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» МКҚК басшысы.

Еңбек өтілі – 33 жыл. Акнур Кабиденовнаның екі жоғары білімі бар: «Құрылыс» мамандығы бойынша, біліктілігі  «Құрылыс пәндерінің инженер-оқытушысы»  (Қарағанды политехникалық институтының Қызыл Ту ордені) және «Экономика» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» Магистрі (Көкшетау экономика және менеджмент институты). Ақмола облысының ТжКБ мекемелері директорлар кеңесінің төрайымы.

Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.

Акнур Кабиденовнаның басшылығымен халықаралық талаптарға сай келетін бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді даярлау үшін теңдесі жоқ білім беру алаңын құру жолы арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұны қолданбалы бакалавриаттың шоғырландырылған білім беру бағдарламаларын сәтті енгізу арқылы өзгертілді.

Оның қызметіндегі ең маңыздысы Қазақстанның инновациялық дамуы үшін еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, бірнеше біліктілікке ие тәжірибеге бағдарланған оқытуды енгізу болып табылады.

Колледж студенттерінің аймақтық, ұлттық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарында көптеген жүлделі орындарға ие болуы білім беру бағдарламаларын игеру мен тәжірибеге бағдарланған оқытудың нәтижесі болып табылады.