Posted on

Жамауова Найла Толеулина

Жамауова Найла Толеулина – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Тараз сервис және технология колледжінің» оқу-әдістемелік бөлімінің жетекшісі, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ штаттан тыс тренері.
Педагогикалық өтілі 30 жылдан асады, соның ішінде 16 жыл техникалық және кәсіптік білім саласында қызмет атқарды. 2003 жылдан бастап облыстық білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінде әдіскер, бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. Тәжірибелі әдіскер – өз ісінің маманы, ол оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи әдістеріне ие, кез келген қызметке шығармашылық көзқараспен қарап, әрқашан кәсіби ізденісте жүретін маман. Инженер-педагог кадрлардын біліктілігін арттыруда зор үлесін қосуда.