Posted on

Анарбекова Сауле Серікқызы

Анарбекова Сауле Серікқызы – 2004 жылдан бастап Жамбыл облысы, Қаратау қаласы Қаратау гуманитарлық -техникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ штаттан тыс тренері.

Сауле Серікқызы оқу үрдісінде инновациялық технологияларды тиімді пайдаланады. Жұмыс тобының қатысушысы және басшысы ретінде көптеген семинарларға, конференцияларға және дөңгелек үстелдерге белсене ат салысады. Білім басқармасы тарапынан құрылған жұмыс тобының мүшесі ретінде ТжКБ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетеді.

Оқу үрдісінде  студенттердің пәнге деген қызығушылығын және білім сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияларды тиімді қолдана біледі, студенттермен шығармашылық жұмыс жүргізе отырып, олардың ой-өрісін көтеруге, логикалық, танымдық ойлау қабілетін дамытуға көп мүмкіндік жасайды.

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен (2016), ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Кәсіби еңбегі үшін» төс белгісімен (2016), және ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен мараптталған (2016).