Posted on

Бузулуцкая Ольга Борисовна

Бузулуцкая Ольга Борисовна колледждегі 1302000 «Автоматтандыру және технологиялық процестерді басқару» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы. Қызмет атқарған жылдары ішінде энергетика саласында үш мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярлап шығарды. Ольга Борисовна жүйелі түрде өздігінен білімін жетілдіріп отырады, әріптестерінің тәжірибесін зерделейді, оқытудың әртүрлі әдістерін қолданады, оқу процесінде қолданылатын компьютерлік технологияларды жетік меңгерген.
Ольга Борисовна 15 жыл бойы мамандықтың циклдік әдістемелік комиссиясы төрағасы. Оның басшылығымен жыл сайын «Мамандықтар апталығы», «Заманауи технологиялар мен автоматтандыру» тақырыбына ғылыми-әдістемелік конференция, «Мамандыққа бастар жол» ашық сынып сағаттары, жоғары курс студенттеріне арналған практика бойынша конференциялар, Энергетика күніне арналған конференциялар, мамандықтар кеші сияқты іс-шаралар өткізіледі.
Оқытушы жыл сайын жұмыс процесінде «ҮМЗ» және «КЭМОНТ» АҚ кәсіпорындарымен әлеуметтік серіктестікті қолдайды. Оқытушы сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолданады. Бұл студенттердің білім сапасы нәтижесіне оң ықпал етеді. Мамандықтағы диплом жобаларын қорғау сапасы 50 пайыздан артық.
Бузулуцкая О.Б. белсенді ғылыми-педагогикалық қызмет атқарады, «Автоматтандырылған жүйелерді монтаждау және пайдалану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының авторы, сапа менеджменті жүйесі талаптарына сай «Автоматтандырылған жүйелерді монтаждау және пайдалану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеп, жетілдіруде. 1302000 – «Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша)» мамандығына арналған үлгілік оқу бағдарламаларының, сонымен қатар, оқу-әдістемелік кешен материалдарының автор-әзірлеушісі.