Posted on

Квитко Елена Михайловна

Квитко Елена Михайловна (05.06.1959). Қарағанды қаласында туған.
Білімі: жоғары, Қарағанды политехникалық институты.
Еңбек жолы:
– 1981 – 2001ж.ж. – Қарағанды қаласы №26 кәсіптік лицейінің арнайы пәндер оқытушысы,
– 2001 – 2004ж.ж. – Қарағанды қаласы №26 кәсіптік лицейінің әдіскері,
– 2004 – 2010ж.ж. Қарағанды қаласы №26 кәсіптік лицейі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары,
– 2010 – 2014ж.ж. – Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары.
Жетістіктері: 2009-2013ж.ж. – ҚР Кәсіптік және техникалық білім беруде оқыту пәндері және кәсіптік практика бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын, білім бағдарламаларын, бірыңғай оқу бағдарламаларын әзірлеу модераторы, 2013-2014ж.ж. – ТжКБ жетілдіру және біліктілік тағайындау Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының, модульдық оқытудың қазақстандық әдіснамесін әзірлеу бойынша ҚР білім және ғылым Министрлігінің жұмыс тобының мүшесі, 2009-2013, 2017 – 1114000 «Пісіру ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын, білім бағдарламаларын, оқыту пәндері мен кәсіптік практика бойынша бірыңғай оқу бағдарламаларын әзірлеу командасының мүшесі, 2013ж. – ТжКБ мамандықтары бойынша бірыңғай оқу жоспарын әзірлеуде Дүниежүзілік банктан қарыз есебінен орындалған, «Техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасында халықаралық сарапшы ретінде жұмысқа қатысу, 1992ж.- «Жыл мұғалімі» Республикалық сайысының лауреаты, 1991ж. – «Жыл мұғалімі» облыстық сайысының жеңімпазы.
Марапаттары: 2014ж. – ҚР білім және ғылым Министрлігінің және «Техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасын Басқару тобының Алғыс хаты, 2006ж. – ҚР білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаты, 2003ж. ҚР білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы, 1992ж. – «Қазақ ССРі халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісі.