Posted on

Кузнецова Наталья Владимировна

«Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» ЖМ-сінің өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндердің оқытушысы болып табылады.
«Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандығы бойынша кәсіби даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруге арналған тест тапсырмаларын құрастыру және өзекттілігін арттыруға қатысқан. Сонымен қатар, ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаларға арналған «Тігінші» біліктілігі бойынша арнайы оқу жоспарының жобасын құрастыру барысында кеңесші ретінде қатысты.
Командасын 1-ші республикалық әскери-патриоттық бірлестік форумына дайындағаны, «Тігіншілер» мамандығы бойынша облыстық кәсіби шеберлік сайысына қатысқаны, Облыстық қолөнер көрмесінде III орынды иеленгені, технология бойынша олимпиада өткізгені, «Мастерство и вдохновение» атты колледж студенттері мен педагогтары арасында өткізілген облыстық кәсіби шеберлік фестиваль-конкурсына белсенді қатысқаны үшін көптеген дипломдарымен және алғыс хаттармен марапатталған.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әр түрлі білім сайттарында жарық көрген өз пәндері бойынша көптеген әдістемелік нқсқаулардың авторы болып табылады.