Posted on

Иванова Евгения Александровна

Иванова Евгения Александровна. Педагогикалық жұмыс өтілі 24 жыл. Білімі инженер-химик-технолог. 1989 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатына байланысты Зауыт-ВТУЗ-ды, ал 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Химия» мамандығы бойынша бітірді. Теміртау жоғарғы политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. 2008 жылдан бастап «Химиялық өндіріс» бейіні бойынша оқу-әдістемелік білестігі директорының орынбасары. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңғырту мен жаңартудың мемлекеттік жобасы шеңберінде Үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын, химиялық бейін мамандықтары бойынша тест тапсырмаларын құрастырушы—авторлардың құрамына кіреді, ТЕАҚ «Холдинг Кәсіпқордың» мамандарымен бірігіп Үлгілік оқу жоспарларын өзектендіру бойынша сарапшы-бірлесіп орындаушы болып табылады. ҚР химия және биология оқытушылары Бірінші съезінің делегаты. ҚР БжҒМ Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесінің Жұмысшылар кеңесіне қатысушы.