Posted on

Олеся Викторовна Синько

Олеся Викторовна Синько 2008 жылдан бастап Қостанай жоғары политехникалық колледжінде жұмыс істейді, 2014 жылдың қаңтарынан директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Олеся Викторовна Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын Математика мамандығы бойынша тәмәмдады, математика магистрі болып саналады. Қазіргі уақытта Бүкілресейлік ауыл шаруашылық экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты болып табылады.
Өз кәсіптік деңгейін Мәскеу қ., Франция, Солтүстік Кипрдің халықаралық орталықтар базасында арттырды.
Олеся Викторовна ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді түрде айналысады, ғылыми-әдістемелік жинақтарында, шетелдік және қазақстандық ғылыми журналдарында 15-тен астам басылымы бар.
«Кәсіптік қызметі үшін» медалімен атап өтілді, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жоба жетекшісінің Жобаның жұмыс тобы құрамындағы серіктестігі мен жемісті еңбегі үшін алғыс хатпен аталып өтті.
2016 жылы О.В. Синькоға «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ штаттан тыс тренері» атты атағы берілді.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары бола тұра О.В.Синько жоғары колледждің инновациялық жобаларына, нақты айтқанда қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ серіктестік аясында модульдік бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге, «Элеватор, ұн тартатын, жарма және құрама жем өндірісі» базалық мамандықты жаңғырту бойынша «Институционалдық даму жоспары» жобасын әзірлеуге және енгізуге белсенді қатысып келеді.