Posted on

Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина

Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина – «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Шалқыма Хайроллақызы – жаңашыл, шебер басшы, республика көлеміне танымал ғалым-әдіскер, қоғам қайраткері.
Қызмет еткен 48 жылдың ішінде Шалқыма Хайроллақызы Батыс өңірінің білім беру жүйесіне талмай сүбелі үлес қосып келеді. 4 монография, 50 публикация, 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандықтары бойынша жасақталған модульдік-құзыреттілікке бағытталған оқу бағдарламаларының, қолданбалы бакалавриаттың оқу бағдарламаларының авторы
Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлері, мектеп директорлары, бастауыш мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері үшін бірнеше авторлық курстар жасақтап, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты жоспарына сай Батыс аймақ және облыс көлемінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында дәріс оқиды.
Шалқыма Хайроллақызы математика, педагогика саласындағы озық тәжірибелері республика, облыс көлемінде таратылып жүр.
Шалқыма Хайроллақызы ғалым ретінде колледж қабырғасында ғылыми мектептің қалыптасып дамуына жол ашып, ғылыми жұмыстар жүргізіліп, оның басшылығымен кандидаттық, магистрлік диссертациялар қорғалды.
Шалқыма Хайроллақызы қоғамдық жұмыстармен де айналысады, ол– ҚР Білім қызметкерлері I, II, ІІІ съездерінің делегаты, ҚР Іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі, Орал қалалық мәслихатының 4 (1999-2012 ж.ж.) шақырылымы бойынша депутаты, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы депутаттар Фракциясының жетекшісі, Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлары Кеңесінің төрағасы, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы аналар Кеңесінің төрағасы, БҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары.
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озаты» және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Қызметкері» және Қазақстан Республикасының білім саласына сіңдірген еңбегі үшін басқада белгілер мен медальдардың иегері.