Posted on

Балабекова Светлена Керімбайқызы

Балабекова Светлена Керімбайқызы – «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ-сінің директоры, экономикалық пәндер оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі.
«Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» құрмет грамоталарымен, «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, ТжКБ 75 жылдығына арналған медалімен
марапатталған.
ТжКБ жүйесінде 26 жыл жұмыс істейді. Қарағанды политехникалық колледжінде оның басшылығымен инновациялық технологиялар енгізілді, Студенттік дизайн бюросы, IT-орталығы құрылды. Қарағанды техника- құрылыс колледжінде эксперименттік режимде инклюзивтік білім енгізілді, робототехника үйірмесі құрылып, дамып келеді. «Нұр Отан» партия отырысында «Қызметкер дипломымен – ауылда» бағдарламасын құруға бастама көтерді.