Posted on

Аймағанбетова Анара Мұханбетқалиқызы

Аймағанбетова Анара Мұханбетқалиқызы – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Республикалық жоғары техникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
Анара Мұханбетқалиқызы – директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, «Кәсіпқор»холдингі» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері, білім беру саласында жалпы тәжірибесі – 20 жыл, оның ішінде ТжКБ саласында 13 жыл.
Республикалық және облыстық педагогикалық оқуларының жүлдегері, «ТжКББ жүйесінің инновациялары – Жоғары техникалық мектебінің инновациялары», «Жоғары білімді оқытушылар – бәсекеге қабілетті маман дайындау негізі», «Білімді педагог – білікті ұрпақ» секілді көптеген мақалалардың авторы.
«Оптикалық және электрондық жабдықтар» мамандығы бойынша эксперименттік модульдік оқу бағдарламасы мен дуалды оқыту негізінде біріктірілген бағдарламасының авторының бірі.
«Батыс Қазақстан облысы ТжКББ ұйымдарының ең үздік әдістемелік қызметі» атты облыстық байқауына қатысып 3 орын алды, «Үздік жыл әдіскері» байқауының I дәрежелі дипломымен марапатталып, «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауында «Ең жас әдіскер» номинациясы бойынша Құрмет грамотасына ие болды, «Үздік педагог» байқауының II дәрежелі дипломымен марапатталды..
Біліктілік арттыру курсын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Кәсіби академия «Туран-Профи» ректорының алғыс хатымен, облыстық Білім басқармасының ҚР Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.