Posted on

«Өңірлер мен қалаларда Кәсіптік білім мен оқытуды және дағдыларды дамыту» фокус-топтарының жиналысы


27-28 ақпанда Еуропалық Білім Қоры Италияның Турин қаласында «Кәсіптік білім мен оқытуды және дағдыларды дамыту үшін өңірлер мен қалалар» фокус-топтарының жиналысын өткізді.

Іс-шараға «Туриндік процесс» зерттеу жұмысын өңірлік деңгейде жүзеге асырушы Ресей Федерациясы, Украина, Босния мен Герцеговина, Тунис және Қазақстан Республикасы мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Беларусь, Тәжікстан, Әзірбайжан және Өзбекстан мемлекеттері 2019 жылы зерттеуді  өз елдерінде жүзеге асыру мақсатында қызығушылық танытты.

Барлық қызығушылық танытқан елдер өңірлік деңгейде әкімшілік органдарды, әлеуметтік серіктестіктерді, кәсіптік білім мен оқыту провайдерлерін және азаматтық қоғамды зерттеу жұмысына қатыстыруды пайдалы және қажетті деп таныды. Қатысушылар кәсіптік білім мен оқытудың анализін тереңдету мен мониторингісін жақсартуда маңызды үлес қосып, қажеттілік пен дағдыны дамыту потенциалы мен жұмыс орнын жасауды  түсінуді қамтамасыз етеді.

Жиналысқа қатысушылар білімдерімен, тәжірибелерімен және зерттеуді жүзеге асыру практикалық әдістерімен алмасты.

Қазақстаннан ҚР БжҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің серіктестік және халықаралық жобалар басқармасының басшысы Р. Ширгатова, «Кәсіпқор» Холдингінің стратегиялық дамыту мен мониторингісі басқармасының басшысы Ә.Д. Катьетова, Қостанай облысы білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің басшысы Ә.С. Нуркина және  Алматы қаласының білім басқармасы ТжКБ бөлімінің басшысы А.Г. Мұханбетов қатысты.

Жиналысқа Латвияның мемлекеттік саясат пен басқару Институтынан сыртқы сарапшылары қатысты. Сыртқы сарапшылар ЕБҚ жұмысын бағалап, Туриндік процеске қатысушы-мемлекеттермен сұхбат жүргізді.

Өңірлік деңгейде «Туриндік процесс» зерттеу жұмысы қорытындыланды.

2019-2020 жылдары зерттеуді жүзеге асыру үшін басшылыққа алынатын нұсқаулықты әзірлеудің қажеттілігі,  оқытуды ұйымдастырып өткізу мен сапаны қамтамасыз ету және оның ерекшіліктері мен әдістері талқыланды.

ЕБҚ серіктес мемлекеттерінде жүргізілетін зерттеудің Туриндік процесс шеңберінде  өңірлік деңгейдегі маңыздылығы артуда.

2017 жылы «Қазақстандағы Туриндік процесс» алғашқы рет төрт пилоттық өңірде жүргізілді. (Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары). 2018 жылы зерттеу жұмысы еліміздің 12 өңірінде жалғастырылады.