Posted on

«Модельдеу және тігін ісі: тарих және жаңа технологиялар» атты Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция

2018 жылдың 16 ақпанында Қарағанды қаласындағы «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ базасында Қарағанды облысы Білім басқармасының, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-.әдістемелік орталығының және «ЯГУАР» сән үйінің қолдауымен «Модельдеу және тігін ісі: тарих және жаңа технологиялар» тақырыбындағы Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Бас үйлестіруші «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ болды.

Конференцияның өткізілу мақсаты: практикалық-зерттеу қызметіндегі құзыреттілігін дамытуға мүдделі жас дарынды студенттерді анықтау, студенттердің шығармашылық әлеуетін және эстетикалық деңгейін дамыту, ұлттық киімдерді, кеңсе киімдерін, интерьер заттарын жобалауда дәстүрлі емес тәсілдерді жүзеге асыру бойынша дағдыларын дамыту, 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша шығармашылық жұмыс істейтін оқытушыларды қолдау, тәжірибе алмасу.

Конференция жұмысына «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандығы бойынша оқыту жүргізетін облыстың 7 колледжі қатысты, сондай-ақ Тараз технологиялар және сервис колледжі және Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Конференция шеңберінде студенттер «WorldSkills» стандарттарына сәйкес дайындалған өнімдерді көрсету, модельдеу тарихына экскурсия жасау, жаңа технологияларды қолдану, модельдеу мен тігудің заманауи әдістері, сондай-ақ тұтынушыға өнімнің қол жетімділігі туралы тақырыптық есептер мен тәжірибелік жұмыстарды ұсынды. Ұлттық киімдердегі әдемі де шығармашылық көрініс, дизайнерлерден стильді кеңсе киімдерінің дефилесі, интерьер және декоративті заттардың қызықты және авторлық жұмыстары көрсетілді.

«Шымкент жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенті Оразбай Динараның этникалық стильде табиғи кигізден жасалған «Томирис» жинағының  дизайны мен стилін, «Қарағанды технология және сервис колледжі» мемлекеттік мекемесінің студенті Дүйсенбай Әнелдің «Ұлттық жаңғыру» жинағы, ҚМУ «Теміртау индустриалды-техникалық колледжінің» студенті Жақыпбекова Тұрсынайдың «Көк мұхит» жинағын аса ерекшелікпен атап өту керек.

Конференцияның қонақтарына «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ 2017 жылы құрылған «Tігінші» құзыреттілік орталығы және облыстық әдістемелік бірлестігінің символы – «Алтын ине» белгісін естелікке сыйға тартты.

Конференция қатысушыларға «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша кадрлар даярлаудың проблемалық мәселелері бойынша, оқытушылар мен жұмыс берушілердің өзара  тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Конференция шеңберінде колледждің әлеуметтік серіктестері: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті, «Jaguar» сән үйі, «Жасампаз» консорциумының атқарушы кеңесі, «ЕСКО» ЖШС, «Galex Plus» ЖШС, Саран тігін және тоқыма фабрикасы, «Дедал» ЖШС   және  «Картель» ЖШС фирмаларымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту, түлектерді жұмыс орындарынмен қамтамасыз ету, қызмет көрсету саласы үшін мамандарды даярлауды қалыптастыру және бірлесіп іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, конференция барысында  кәсіби қоғамдар мен ұйымдар саласында ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшін «Тараз технология және сервис колледжі» КМҚМ мен «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ  арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екі тарап кәсіптік қауымдастықтарды құру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қызмет көрсету саласы үшін персоналды дайындауда, бірлесіп іс-шараларды өткізуге келісті.