Posted on

«Педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының колледждерінде даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық семинар

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен бірге 2018 жылдың 9 ақпанда Астана қаласындағы «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында «Педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының колледждерінде даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты Республикалық семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңартуға, қолданбалы бакалавриатты енгізуге және инклюзивті білім беру үшін педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жетілдіруге сай педагогикалық мамандарды даярлаудың өзекті тапсырмаларын анықтау.
Семинарға педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби кадрлардың дайындығын жүзеге асыратын 103 колледж (180 адам) қатысты.
Семинар барысында мектептерде оқыту мазмұнының жаңаруына сәйкес, оқыту мазмұнының трансформациясының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды тәжірибелік даярлаудың өзекті мәселелері қарастырылды:
– ҚР педагогикалық білімді жаңғырту мәнмәтінінде ТжКБ мекемелерінің қызмет етуінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;
– «Педагог» кәсіби стандарының талаптарына сәйкес педагогикалық мамандықтар бойынша Үлгілік оқу жоспарларын және бағдарламаларын өзектендіру;
– білім мазмұнының жаңаруы мәнмәтінінде оқытуға және бағалауға жаңа тәсілдер;
– білім мазмұнының жаңаруын іске асыруға болашақ ұстаздарды даярлауға тәжірибелік тәсілдер;
– педагогикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалаврлерді даяррлау: енгізу механизмдері және жоғарғы оқу орындарымен бірігу;
– «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту», және «Бастауыш білім беру» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі;
– мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің болашақ педагогтерін оқытудағы жүйелі кызмет тәсілдері;
– ұстаздарды даярлау үрдісіндегі критерийлік бағалауды енгізу тәжірибесі;
– ағылшын тілі пәнін оқытатын оқытушыларды даярлау;
– мамандарды даярлау сапасын арттыру факторы ретінде ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу;
– ислам негіздері ұстаздарын даярлау ерекшеліктері;
– шығармашылық еңбек ұстаздарын даярлаудың өзектілігі;
– кәсіби тәжірибе мәнмәтінінде жаңартылған білім мазмұнының әдістерін енгізу.
Семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, Е.Букетов атындағы ҚарМУ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, «Рейтинг пен аккредитация жөніндегі тәуелсіз агенттік», «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі», «Білім беру» профилі бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері, педагогикалық, гуманитарлық және педагогикалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын басқа да колледждердің басшылары және оқытушылар қатысты.
Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетов қатысты. Ол қазіргі жағдайда оқытушының рөлі үнемі арту үстінде екендігін атап өтіп, Қазақстан Республикасында педагогикалық білім дамуының өзекті міндеттерін белгіледі.
Семинар белсенді және нәтижелі өтті. Семинарды өткізу қортындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогикалық кадрлар дайындығының нәтижелігін арттыру бойынша нұсқаулықтар әзірленді. Семинардың қатысушылары электрондық форматтағы семинарларда сөз сөйлеу бойынша толық ақпаратты алды. Семинардың материалдары «Қәсіпқор» холдингі» сайтында орналастырылған.
Келесі сілтеме бойынша семинар материалдарымен танысуға болады: семинар материалдары