Posted on

«Дуальды оқытуды енгізудің қазақстандық тәжірибесінің Тәжікстанға көшу мүмкіндіктері» конференциясы

2018 жылдың 25 қаңтарында  «Дуальды оқытуды енгізудің қазақстандық тәжірибесінің Тәжікстанға көшу мүмкіндіктері» конференциясы Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) өтті. Конференция ұйымдастырушысы – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ).

Конференция барысында Қазақстанда дуальды білім беруді енгізудің тәжірибесі мен «Кәсіпқор» Холдингі»-нің кәсіптік білімді дамытудың Ұлттық институты ретіндегі рөлі жайлы баяндамалар оқылды. Дуальды білім беру жүйесіне жұмыс берушілерді тарту мәселесі де талқыланды.

Баяндама және презентациялармен келесі қатысушылар ортаға шықты:

– Н.Ж.Оспанова, Қазақстан Республикасы БжҒМ ТжКБ департаменті директоры, «Қазақстан Республикасында дуальды білім беру жүйесін енгізу» туралы.

– Шонаева Л.Ж., «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, ««Атамекен» ҰКП міндеттері мен өкілеттіктері» жайлы.

– Н.Р. Аршабеков, «Кәсіпқор» Холдингі» Басқарма Төрағасы, «Кәсіптік білім беруді дамытудың Ұлттық институты» туралы.

– Г. Райнер, Қазақстан Республикасы БжҒМ халықаралық сарапшысы, «Кәсіпорындар үшін дуальды оқытудың артықшылықтары» туралы.

Екінші блокта Тәжікстан үшін қазақстандық тәжірибенің артықшылықтары туралы мәселені талқылады. Баяндамамен келесі қатысушылар ортаға шықты:

— Шоев М.Э., Тәжікстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары кәсіптік және дипломнан кейінгі білім басқармасы бастығының орынбасары, Тәжікстан Республикасыдағы кәсіптік білім беру туралы.

— Сидиков Н.И., Тәжікстан Республикасы Еңбек, миграция және халықты жұмыспен қамту министрлігінің Бастауыш кәсіптік білім мен ересектерді оқыту басқармасы басшысының орынбасары, Тәжікстан Республикасындағы кәсіптік білім туралы.

Қатысушылар белсенділік танытумен қатар Тәжікстан Республикасында қазақстандық дуальды білім берудің тәжірибесін енгізу мүмкіндіктерін де талқылады.

Қазақстан жағы тәжірибе алмасуға және тәжік тарапын елеулі оқиғаларға шақыруға дайын екенін мәлімдеді.


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307