Posted on

Астана қаласы педагогикалық мамандықтар бойынша республикалық семинар

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен бірге 2018 жылдың 9 ақпанда Астана қаласындағы «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында «Педагогикалық кадрларды Қазақстан колледждерінде даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты Республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңартуға, қолданбалы бакалавриатты енгізуге және инклюзивті білім беру үшін педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жетілдіруге сай педагогикалық мамандарды даярлаудың өзекті тапсырмаларын анықтау.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ,  «Рейтинг пен аккредитация жөніндегі тәуелсіз агенттік», республикалық педагогикалық гуманитарлық, сонымен қатар педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби мамандарды даярлауды жүзеге асыратын басқа да колледждер өкілдері.