Posted on

7 октября 2016 года планируется круглый стол-семинар с участием экспертов Европейского Фонда Образования Дидье Жэнибер и Кристин Хемшемайер.

Мерзімі: 2016 жылдың 7 қазанында

Уақыты: сағ. 09.00 – 18.00

Өткізу орны: Астана қ., Уалиханов көш.,7. «KING» қонақ үйі, «Conference Hall» залы.

 

7 қазанын 2016 жылдың «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Еуропа Білім Қорының бас сарапшылары Дидье Жэнибер және Кристин Хемшемайердің қатысуымен өткізілетін дөңгелек үстелді ұйымдастыруда.

Семинарда «Біліктіліктермен жұмыс: дәстүрлі біліктіліктен заманауи біліктілікке дейін. Оқу процесіне оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу» тақырыбы ашылатын болады.

Дөңгелек үстелге:

– ТжКБ мәселелері бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Оспанова Насымжан Жамбекқызы;

– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық білім және ғылым басқармасының басшысы Нуралиева Ульмира Әуезханқызы;

– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дін істер басқармасының басшысы Бейсенбаев Бахтыбай Қыдырбайұлы;

– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адам капиталы департаментінің сарапшысы Исабеков Марат Ұланұлы;

– Дүниежүзі банкі жобаларын басқару тобының өкілдері;

– базалық колледждер өкілдері;

– оқу-әдістемелік бірлестіктер болып табылатын колледждер өкілдері;

– «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» жұмыс тобының мүшелері шақырылды.

– Кристин Хемшемайердің «Қазақстандағы ЕФО жұмысы: Турин процесінен тәжірибе алмасуға дейін» тақырыбындағы баяндама,

– Дидье Женибердің «Ұлттық біліктілік жүйесі. Ағымдағы жай-күйі, тәсілдері, принциптері» тақырыбындағы баяндама,

– Дүниежүзі банкі жобаларын басқару тобы мүшелерінің «Қазақстандағы біліктілік жүйесі: жетістіктері мен мәселелері» тақырыбындағы баяндамалар енген.

Дөңгелек үстел тақырыптар бойынша топтарда талықылау жалғасады және жұмыс қорытындысы презентациясымен аяқталады.

Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде Дидье Жэнибердің «Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу принципі» тақырыбында баяндамасымен жалғасады.

 

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz сайтында жарияланған ақпараттан, сондай-ақ, 8 (7172) 79-45-36 және 8 775 208 94 39 телефондары арқылы Рысбетова Назымға хабарласып, алуға болады. E-mail: naz.kaz@mail.ru