Posted on

АРЕС PetroTechnic-тің оқытушы-тәлімгерлер қызметіне кандидаттарды серіктестікке шақырады

АРЕС PetroTechnic-тің оқытушы-тәлімгерлер қызметіне кандидаттарды серіктестікке шақырады
Егер Сізде педагогикалық білім, оқытушылық тәжірибе, орасан зор біліміңізбен біздің студенттермен бөлісуге дайын болсаңыз, ағылшын тілін меңгеру деңгейіңіз UpperIntermediate деңгейінде болса – онда Сізді АРЕС PETROTECHNIC-КЕ ОҚЫТУШЫ-ТӘЛІМГЕР РЕТІНДЕ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАМЫЗ!

img_4959

Біз ағылшын тілі, физика және математика пәндері бойынша, сонымен қатар төмендегі техникалық бағдарламалар:
– электрмен жабдықтау
– кен орындарын пайдалану
– бұрғылау технологиясы
– мұнай және газды өндіру технологиясы
– бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша оқытушы-тәлімгерлерді шақырамыз.

БІЗДІҢ ТАЛАПТАР:
БІЛІМІ:
• жоғары педагогикалық білім, ағылшын тілі бойынша оқытушы-тәлімгерлерге арналған CELTA халықаралық сертификаты;
• бағдары бойынша жоғары кәсіптік білім (магистр дәрежесі, ғылым кандидаты, ғылым докторы/PhD дәрежелері);
• колледж студенттеріне тағайындалатын біліктілік деңгейінен төмен емес біліктілік деңгейінің болуын растау (арнайы пәндер оқытушылары үшін);
• CEFR жүйесінің В2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілі білімі (UpperIntermediate);
• Пән саласында қолдану үшін АКТ-құзыреттілігінің деңгейі (Windows, MicrosoftWord, MicrosoftExcel, InternetExplorer, графикалық редактордың негізгі инструменттері, PowerPoint, Prezi және т.б. электрондық презентацияларды жасау, компьютерлік телекоммуникациялар).

БІЗ ІЗДЕГЕН ОҚЫТУШЫ-ТӘЛІМГЕР:
– БІЛУІ ТИІС: оқу жоспарларын әзірлеу тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін, педагогика, психология және кәсіптік білім әдістемесінің негізін, студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи үлгілері мен әдістемелерін, педагогикалық диагностиканың құралдары мен әдістемелерін.
– МЕҢГЕРУІ ТИІС: байланысқан пәндер бойынша білімді, оқытатын пән мазмұнының базалық компоненттерін.
– ЖАСАЙ АЛУЫ ТИІС: студенттердің даму, икемілік, дағды деңгейіне және денсаулығына қатысты тапсырмаларды шеше алуы.
– ЖҰМЫС ӨТІЛІ: бағыты бойынша жұмыс өтілі немесе 3 жылдан кем емес өндірістік тәжірибесі.
– ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ: қойылған талапқа сай ағылшын тілі деңгейін меңгерген, бағыт бойынша магистр дәрежесі бар жоғары оқу орындарының және «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАР:
– карьера бойынша өсу мүмкіндігі (барлығы Сіздің тәжірибеңізге, білу және даму ынтаңызға байланысты)
– лайықты еңбек ақысы
– медициналық сақтандыру
– біліктілікті арттыру
– шетел оқытушысымен жұмыс жасау бойынша халықаралық тәжірибе алу
– сырттан келген оқытушы-тәлімгерге қонақ үйден орын
– сегіз сағаттық жұмыс уақыты.

Қызығушылығыңыз бар ма? Жазыңыз, хабарласыңыз! Біз Сізді күтеміз!

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Қала: Атырау
Телефон: +7 7122 760475 (Бисембаева Г.)
Факс: +7 7122 760456
Еmail: gbissembayeva@apec.edu.kz
info@apec.edu.kz
Web – сайт: http://apec-atyrau.kz/

Главная страница