Posted on

Салалық бірігу арқылы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау

Тамақ өнеркәсібі саласына кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру бойынша күштерді жұмылдыру мақсатында 2017 жылдың 14 желтоқсанында «Кәсіпқор» холдингі және Бас-аспазшылардың астаналық қауымдастығының арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

         Серіктестіктің негізгі бағыттары:

  • тамақ өнеркәсібі саласына кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру саласында тәжірибемен алмасу;
  • тамақ өнеркәсібі саласына кадрларды даярлайтын колледждердің оқу-әдістемелік базасын жетілдіруге қатысу;
  • Қазақстанда WorldSkills халықаралық жобасының одан әрі дамуына жағдай жасау;
  • қызмет көрсету саласының жеке құзыреттіліктері бойынша WorldSkills-тың чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізудің сапасын арттыру;
  • WorldSkills-тың құрлықтық және әлемдік чемпионаттарында сәтті өнер көрсету үшін ұлттық құраманың дайындалу барысын жетілдіруге қатысу болып табылады.

Сонымен қатар, меморандум шеңберінде бірқатар тақырыптық жобалар мен іс-шараларға бастамашылық жасау жоспарлануда.