Posted on

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Агротехникалық хаб» КҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру саласында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Агротехникалық хаб» КҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында келесі ортақ іс-шаралар жоспарлануда:

– агроөнеркәсіп саласы бойынша Оқытушылар біліктілігін арттыру орталығын құру;

– «Агрономия», «Ветеринария», «Зоотехния» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтарын жаңарту;

– WorldSkills Қазақстан халықаралық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасында AgroSkills бағытын дамыту;

– ортақ жобаларды дамытуда мүдделі жақтарды тарту.