Posted on

Өңірлік деңгейде «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеуінің нәтижелерін қорытындылау бойынша дөңгелек үстел

2017 жылдың 5 желтоқсанында «Кәсіпқор» холдингі Еуропалық Білім Қорымен бірге 4 пилоттық өңірде (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстары) «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеуінің нәтижелерін қорытындылау бойынша дөңгелек үстел жүргізілді.

Дөңгелек үстелге ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика бойынша комитетінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, «ЗСО» АҚ, «ЕРДО» АҚ, ҚР ДСӘҚМ, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Астана қ., Солтүстік Қазақстан облысының, Павлодар облысының білім басқармасының, 4 пилоттық өңірдің өкілдері, Жамбыл облысының Қаратау гуманитарлық-техникалық, Құлан ауылшаруашылық колледждерінің, Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің, Теміртау политехникалық колледжінің, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің, Астана қ. политехникалық колледжінің басшылары, Ақтөбе политехникалық колледжінің әдіскері қатысты.

4 пилоттық өңірдің өкілдері облыстағы ТжКБ жүйесінің әлсіз және мықты жақтарын көрсету арқылы зерттеу қорытындыларын баяндады. Төрт өңір бойынша ұсынымдарды ұсыну бойынша жұмыс топтарында жұмыс жүргізілді. ТжКБ ұлттық деңгейде шешімдерді талқылау және қабылдауды қажет ететін басты бағыттары анықталды.

Ұлттық инициативаларды енгізу бойынша өңірлердің тәжірибесінің оң нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар зерттеу кезінде анықталған проблемалық сұрақтар талқыланды: жаңа инициативаларды енгізуге алдын ала дайындалу қажеттілігі, колледждердің ИПҚ біліктілігін арттыру курстарының сұранысқа ие тақырыптарын зерттеуге сұраныс, еңбек нарығының салалық және өңірлік сұранысын жобалаудың кешенді механизмінің жоқтығы және т.б.

Іс-шара қорытындысы бойынша Еуропалық Білім Қорының бас сарапшысы Кристин Хемшемайер 2018 жылы «Турин процесін» зерттеуді сапалы түрде жүргізу үшін ұсыныстар ұсынды.