Posted on

«Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша колледждерге әдіснамалық және кеңестік қолдау көрсету» тақырыбында өңірлік семинар

2017 жылдың 24 қарашасында Өскемен политехникалық колледжі және Шымкент теміржол колледжі базасында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымдастырған «Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша колледждерге әдіснамалық және кеңестік қолдау көрсету» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар облыстары  колледждерінің 185 өкілі жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу сұрақтары бойынша пікір таласқа белсенді қатысты.

Семинар қатысушылары өндірістік практиканы өткізу үшін арналған әдістемелік тапсырмаларды, практикалық және зертханалық тапсырмалар жинағын, теориялық және бақылау-өлшеу материалдарын қамтитын бағдарламалардың оқу-әдістемелік алып жүруін және т.б. ерекше атап өтті.

«Икемді автоматты желілер» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарының әзірлеумен және аталған мамандық бойынша кіші инженер біліктілігінің білім беру бағдарламасын енгізу перспективасы туралы онлайн режимінде бөліскен Павлодар жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Е. Бугерьдің, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің басшысы Н. Қалиеваның, Жамбыл политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары – С. Жамалованың және С. Наурызқұлованың, Шымкент қ. № 5 колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ж. Бозаеваның, Қызылорда гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы С. Ахметованың баяндамасы мазмұнды және қызықты болды.

Семинар қатысушыларының сұрақтарына «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметкерлері Қ.Қ.Бөрібеков, Р.Б.Сабирова, Р.А.Шаяханова жауап берді.

Семинар қорытындысы бойынша Холдингтің білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмысы келісілді. ТжКБ жүйесінің өзекті сұрақтарын талқылау бойынша пікір-талас алаңының жұмысын өзектендіру ары қарай жалғастырылатын болады.