2017 жылдың 21 қарашасында Павлодар қаласында «Дуалды оқыту: үздік практика, трендтер мен стратегиялар» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияда келесідей сұрақтар қарастырылды:
- дуалды білімді дамытудың жаңа бағыты;
- жаңа форматтағы мамандарды даярлауға қойылатын талаптар;
- дуалды оқытудың үздік практикасы.
Конференция барысында дуальды оқытудағы үздік практикалар ұсынылды: Челябинск құбыр илемдейтін зауыт тобынан (Ресей Федерациясы), «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, корпорация «Казахмыс», Бухтармин Цемент Компаниясы (HEIDELBERGCEMENT) тәжірибесі көрсетілді.
Конференцияда еліміздің индустриалды-инновациялық даму кезеңінде жаңа форматтағы кадрларды дайындаудағы талаптар; жұмыс берушілер мен колледждер арасында диалог жүргізу әдісі; жергілікті әкімшілік пен атқарушы органдар ролі; жұмыс берушілер мен білім ұйымдары қызығушылығын ескеруі қажет трендтер талқыланды.
Дискуссиялық сессияларда дуальды білім дамуының жаңа бағыты қаралды: дуальды оқыту және жалпы ТжКБ жүйесінің даму келешегі; Қазақстанда кәсіптік білім ұлттық институтын құру қажеттілігі; нормативтік құжаттарға өзгерістер мен қосымшалар енгізу қажеттілігі.
Конференция шеңберінде «Қазақстан Алюминий» АҚ, «КазхромҰТК»АҚ өндірістік алаңында дуальды оқыту тәжірибесі көрсетілді, тиімді тәлімгерлік бойынша мастер-класс өткізілді.
Дуальды оқытуды енгізу сұрақтары бойынша әдістемелік семинар қатысушылардың үлкен қызығушылығын танытты:
- «Дуальды оқытуды енгізу үшін өзектендірілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларының мүмкіндіктері»;
- «Дуальды оқыту шеңберінде кәсіпорындағы тәлімгерлік»;
- «Жұмыс орнында оқыту. Дуальды оқытуда қаржылық және қаржылық емес ынталандыру» (Еуразиялық білім қоры материалдары бойынша).
Қатысушылардан конференция қорытындысы бойынша дуальды оқытудың тиімділігін көтеру және жетілдіру үшін ұсыныстар әзірленді.