Posted on

«Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша колледждерге әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету» өңірлік семинар

2017 жылдың 10 қарашасында Маңғыстау политехникалық колледж базасында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сай «Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша колледждерге әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету» атты өңірлік семинар болып өтті.

Семинарға облыс колледждерінің өкілдері, сонымен қатар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ білім беру бағдарламаларын 2017-2018 оқу жылы аралығында енгізіп жатқан колледждердің өкілдері қатысты (56 адам).

Семинарда «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жаңа білім беру бағдарламаларын енгізіп жатқан колледж қызметкерлері баяндама жасады: Сдыкова Г.Г, Маңғыстау туризм колледжі директорының ҒӘЖ бойынша орынбасары («Модульдік технологиялар бойынша білім беру-білімгерлердің болашақ кепілі»), Тугерова Г.Б., Маңғыстау энергетика колледжінің арнайы пәндер оқытушысы («Инновациялық және құзыреттілік тәсілдер арқылы жаңа білім беру бағдарламасы-болашағы жарқын колледжге құтты қадам»), Сарт М.К., Бейнеу политехникалық колледжінің әдіскері («Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша сұрақтарды шешу жолдары»), Наурызова Б.Ж., Маңғыстау политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы («Дәстүрлі оқыту және құзыреттілік тәсілге негізделген салыстырмалы талдау»), Карабалаева Н.Т., Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы («Модульдік оқыту бағдарламаларының тиімділігі»).

Семинар қатысушылары әріптестермен жемісті жұмыс істегендерін және жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша толғандырған сұрақтарға жауап алғандығын атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар жасалды.