Posted on

Пресс-релиз: «Стартап – бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіпкерлік қызметінің құралы» тақырыбындағы аймақтық семинар-практикум, Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру  мекемелерінде жобалық оқыту әдісін қолдану мен кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқытудың озық тәжірибелерін жинақтап қорыту мақсатымен «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Кәсіптік білім беру орталығы 2017 жылы 3 қараша күні Алматы Менеджмент Университеті негізінде  «Стартап – бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіпкерлік қызметінің құралы» тақырыбында аймақтық семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум спикерлері ретінде қатысуға: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ, Алматы қаласы және облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыстық білім беру басқармалары өкілдері және Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері басшылары мен мұғалімдері шақырылды.

Семинар-практикум бағдарламасының мазмұнына сәйкес келесі мақсаттар көзделді: кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытудың, ТжКБ ұйымдары түлектерінің бизнес-жобаларын құруының және іске асыруының практикалық тәжірибесін жинақтау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын – CLIL әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту, оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы, қолданбалы бакалавриат секілді инновациялық білім беру технологиялары бойынша білімді беру және жүйеге келтіру.

Семинар-практикумның міндеттері:

1) ТжКБ ұйымдары түлектерінің бизнес-жобаларды құруының және іске асыруының практикалық тәжірибесін тарату;

2) Қазақстанның ТжКБ ұйымдарында жобалық және кәсіпкерлік қызметті дамыту және іске асырудағы озық педагогикалық тәжірибемен алмасу.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды табысты іске асыру және енгізу үшін өз ұсыныстарын жасады.