Posted on

«Инклюзивтік білім беру – Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбындағы семинар-практикум

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде инновациялық технологияларды енгізу және іске асыру тәжірибесін қорытындылау үшін аймақтық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде «Kәсіpқoр» холдингі» КЕАҚ Кәсіптік білім беру орталығы, ағымдағы жылдың 27 қазанында «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» ҚММ базасында «Инклюзивтік білім беру – Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбындағы семинар-практикумды өткізді.

Семинар-практикумның мақсаттары:

1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТжКБ) отандық және шетелдік инклюзивті білім берудің алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын енгізу мен жүзеге асырудың үздік тәжірибесімен алмасу және қорыту;

2) ТжКБ ұйымдарынды инклюзивті білім беру мазмұнының негізгі әдістемелік, оқу-әдістемелік және қолданбалы бағыттармен танысу;

3) Атырау қаласының APEC Petrotechnic жоғары колледжінде білім беру үдерісіндегі ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын іске асыру механизмімен танысу.

Семинар-практикумның жұмысына Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларының, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдерінің өкілдері, колледждердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинар-практикумға қатысушылардың жалпы саны ҚР ТжКБ ұйымдарының 200 инженерлік-педагогикалық кадрлары және басшылары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар-практикумның пленарлық отырысында инклюзивті білім беру саласындағы нақты жетістіктермен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі бағыттары қарастырылды және талқыланды, ТжКБ ұйымдарында білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру кезіндегі өзекті мәселелері айтылды.

Семинар-практикумның екінші бөлімі секциялардағы практикалық жұмыстан құрылды, онда қатысушалар келесі тақырыптар бойынша өзекті сұрақтарды кеңінен ашып, талқылауға мүмкіндік алды:

  1. Оқу-жаттығу және бәсекелелестікке қатыстыру арқылы, мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтендіру және өмір сүру сапасын арттыру;
  2. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар студенттерге қосымша білім беру мүмкіндіктері;
  3. Ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқытудың инновациялық білім беру технологиялары (ағылшын тілін оқыту әдістерімен танысу: CLIL, TBLT, BOPPPS);
  4. Аккредиттеуге дайындық барысында ТжКБ ұйымдарында сапаны қамтамасыз ететін ішкі жүйені дамыту.

Семинар-практикумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін білім беру бағдарламаларын іске асыруда әрі қарай тиімді жұмыс үшін ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды.