Posted on

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын саралау

ТжКБ жүйесінің қолжетімділігі мен сапа көрсеткіштерінің бірі колледждер қызметін жалпы бағалау және олардың рейтингті бағалау жүйесіне ену болып табылады. Бұл ТжКБ беру ұйымдарының әлсіз және мықты жақтарын анықтауды қамтамасыз етеді.

Рейтинг ТжКб беру ұйымдарының арасында бәсекелестікті ұйымдастыруға бағытталған. Техникалық мамандарды даярлаудың алды болу кәсіптік білімнің жүйелі дамуына түркі болмақ.

Білім басқармаларының мемлекеттік органдары үшін рейтинг көрсеткіштерінің жүйесі ҚР білім жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған басқарау шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады.

Бекітілген көрсеткіштер бойынша ТжКБ беру ұйымдарының қызметін бағалау негізінде әрбір колледжге рейтинг тағайындалатын болады.

Саралау ҚР қандай колледж мамандарды даярлау бойынша алда тұрғандығын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралаудың мақсаты Қазақстан Республикасындағы колледждер қызметін бағалау және ТжКБ саласында көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға қосымша мотивация жасау болып табылады.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қазақстан Республикасының колледждерін саралауды бастады. Оның әдістемесі мен технологиясы «Атамекен» ҰКП, дайындық бағыты бойынша ТжКБ беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерімен келісілген болатын.

Колледждерге және Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына рейтингті құру үшін сауалнама толтыру бойынша хаттар жолданды.

Уақыттың тығыздығына байланысты сауалнаманы толтыру процесін жылдамдатуды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: 79-45-24, 79-45-39, 79-45-77 және эл.адрес бойынша: ashaikhina@tvet.kz, nurkenov@tvet.kz, akatyetova@tvet.kz.