Posted on

«Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинар

2017 жылдың 2-3 қарашасында Орал қаласында Ж.Досмұхамедов атындағы Педагогикалық колледждің базасында «Кәсіпқор» холдингінің ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті.  Семинардың негізгі  мақсаты: «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбында тәжірибе алмасу, жаңаша білімге деген әріптестердің  көзқарастарын  пікірлерін білу, осы тақырып аясында туындаған сауалдарға біріге отырып жауап беру, ортақ тұжырымға келу болып табылады.Семинар жұмысына жоспар бойынша 56 адам қатысты.

Семинарға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Орал қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы,  Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары педагогикалық және гуманитарлық колледждердерінің,  оқу –әдістемелік бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Семинарды «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасы, ф.ғ.д, профессор Аршабеков Нұрғали Рахимғалиұлы мен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жусупкалиева Гүлжан Хайдарқызы ашып, сөз сөйледі. ф.ғ.д,профессор Аршабеков Нұрғали Рахимғалиұлы  «Білім» бейіні бойынша  ОӘБ жұмысының ерекшеліктері»  тақырыбындағы баяндамасында  оқу-әдістемелік бірлестіктердің (бұдан әрі –ОӘБ) жұмысының ерекшеліктері, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы өзгерістерді педагог мамандарды даярлау бағдарламаларының мазмұнына енгізу, қолданбалы бакалавриат бойынша мәселелер көтерді.   «Білім» бейіні бойынша ОӘБ төрағасы, п.ғ.д., профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы «Білім» бейіні бойынша ОӘБ жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ОӘБ жұмысының жүру барысы,   мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік кешендермен қамтылу жағдайына толықтай талдау жасап, 2018 жылдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» МКҚК директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Арман М. «Педагог» кәсіптік стандарты негізінде жаңартылған 12 жылдық білім  мазмұнын болашақ мамандар  даярлау бағдарламаларына енгізу», Орал қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы тренері  Капанова Г.Г.«Негізгі мектептегі білім мазмұнының жаңаруы»,   Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қызметкері Нұрмұханова Г.А.«Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері»,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық, педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м.Алипкалиева Г.Б. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру»,  Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,  п.ғ.м. Сабитова Т.Б. «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері»,  Орал қаласындағы №36 М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Альмуканова Л.С. «№36 М.Ықсанов атындағы ЖОББМ жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу барысында орыс тілін екінші тіл ретінде оқыту»,  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің педагогика кафедрасының меңгерушісі Нұрашева Г.С. «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында  шағын жинақталған мектептерге мұғалім дайындаудың ерекшеліктері», Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, п.ғ.м.Сабитова Т.Б. «Қолданбалы бакалавриатты енгізу (талдау, бағдарламаның маңызы,  Колледж-ЖОО байланысы, оқыту мерзімі бойынша ұсыныстар)», «Білім» бейіні бойынша ОӘБ төрағасы, п.ғ.д., профессор Құрманалина Ш.Х. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі өзгерістер» тақырыптарында баяндама жасады. Әр баяндамашыдан кейін сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.

Семинар 3 қараша күні жалғасын тапты. Оқу-әдістемелік бірлестіктер өз мамандықтары бойынша жасақталған құзыреттілікке бағытталған модульдық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын таныстырып, ортаға талқыға салды. Жасақтаушы Құрманалина Ш.Х. «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» мамандықтары бойынша модульдық-құзыреттілік негіздегі оқу жоспары мен білім бағдарламаларын жасақтау ерекшеліктеріне» тоқталса,  ОӘБ эксперті Сабитова Т.Б.«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша модульдық-құзыреттілік негіздегі оқу жоспары мен білім бағдарламаларына» шолу жасады. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі ОӘБ әдіскері Бекшойнова А.Е. «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша модульдық-құзыреттілік негіздегі оқу жоспары мен білім бағдарламаларымен» таныстырып, Павлодар қаласының «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры Аршабаев С.Т. «Исламтану» мамандығы бойынша модульдық-құзыреттілік негіздегі оқу жоспары мен білім бағдарламаларының ерекшеліктерін» айтып өтті. Семинар қатысушылары әріптестермен жақсы деңгейде тәжірибе алмасып, сұрақтарға жауап тапқандықтарын атап өтті.

Семинарға қатысушылардың пікірлерін ортаға салып талқылап, өте құнды ақпараттар алып, техникалық және кәсіптік білім берудің басты мәселелерін қамтыды.  Семинар қорытындысы бойынша өкілетті органдарға ұсыныстар жазылды. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Семинар алдында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттер қауымының ұсынысы негізінде  әдістемелік Кеңестің  шешімімен  педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік төрағасы, колледж директоры Ш.Х.Құрманалинаның дәрісханасы ашылды.

Салтанатты  жиынға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Н.Р.Аршабеков, ақын А.Бақтыгереева, облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  директорлары мен республикалық семинарға қатысушылар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Дәрісхана лентасын қию рәсімі ф.ғ.д., профессор Н.Р.Аршабеков, ақын А.Бақтыгереева,  Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Х.Қапақовқа ұсынылды.

Колледж түлегі, педагогика және психология кафедрасының  меңгерушісі Г.С.Нұрашева  дәрісхана мазмұнымен таныстырып, қабырғалық материалдардың ғалымның ұзақ жылғы педагогика  саласындағы   ғылыми зерттеу жұмыстары, тәрбие бағыттары, қоғамдық, басшылық қызметіне, колледж түлектері жетістіктеріне негізделгенін баяндады.

Шалқыма Хайроллақызының республиканың білім беру жүйесіне  қосқан үлесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі  тәжірибесі жайында ақын А.Бақтыреева, ҚазИИТУ ғылыми білім кешенінің президенті  А.С.Айтимов, Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Х.Қапақов,  «Нұр Отан» Халық демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г.М.Құлжанова, Батыс Қазақстан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлары кеңесінің төрағасы М.С.Мұқамбетқалиев, С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің бастауыш сынып мұғалімі, колледж түлегі Г.Р.Суханова ой-пікір, лебіздерін  білдірді.