Posted on

Дуальды оқыту – мамандар даярлаудың тиімді тәсілі

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ұйымдастыруымен, Ақтөбе политехникалық колледжі базасында «Дуальды оқыту – заманауи білім беру технологиялары негізінде мамандарды даярлаудың тиімді нысаны» атты семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумның мақсаттары Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымдарында заманауи білім беру технологиялары негізінде оқытудың дуальды жүйесін енгізу мен жүзеге асырудың отандық және шетелдік тәжірибесін тарату, мамандықтар бойынша дуальды оқытудың қашықтықтан оқыту нысанын енгізу мен жүзеге асырудың педагогикалық тәжірибесімен алмасу, және оқытудың дуальды жүйесін енгізу бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату және алмасу, шығармашылық белсенділікті дамыту болды.

Семинар-практикумның секциялары аясында қатысушылар «1С: Колледж» бағдарламасын (оқытудың дуальды жүйесінің бағдарламасын жүзеге асырушы ТжКБ ұйымдарын басқару үшін кешенді жүйе), арнайы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу әдістемелерін (TBLT, BOPPPS және т.б.)  қолдану тәжірибесімен танысты

Аталған семинар-практикумға Ақтөбе облысының білім басқармасы, ҚР ҰҚП «Атамекен», және «APEC Petrotechnic» жоғары колледжінің өкілдері және халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамының (GIZ) аға кеңесшісі мен Атырау, Ақтау, Батыс Қазақстан облыстарының ТжКБ ұйымдары өкілдері қатысты.