Posted on

ТжКБ ұйымдары мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары, Алматы облысы

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының инженер-педагогикалық қызметкерлеріне және басшыларына арналған біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік тапсырма аясында 2017 жылдың 25 қыркүйек пен 3 қараша күндері аралығында Алматы облысында біліктілік арттыру курсының 1-кезеңін өткен 450 тыңдаушылардан таңдалынып алған 140 инженер-педагогикалық қызметкерлерге арналған біліктілік арттыру курстарының 2-кезеңі өткізілу үстінде.

2017 жылдың 25 қыркүйек – 6 қазан күндері аралығында Алматы облысының «Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі» МКҚК және «Талдықорған политехникалық колледжі» МКҚК базаларында «CLIL әдістемесі: ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту процессінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту» тақырыбында 40 тыңдаушы біліктілік арттыру курстарын өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 9 – 20 қазан күндері «Көксу ауылшаруашылық колледжі» МКҚК базасында «Ауылшаруашылық» профилі бойынша мамандар даярлауда пайдаланылатын заманауи тәсілдемелер» тақырыбында өткен біліктілік арттыру курстарына 20 тыңдаушы, және «Талдықорған политехникалық колледжі» МКҚК базасында «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриат оқу бағдарламаларын енгізу» тақырыбында өткізілген біліктілік арттыру курстарына 20 тыңдаушы қатысты.