Posted on

WorldSkills Competition әлемдік чемпионатының нәтижелері

2017 жылдың 14-19 қазан аралығында Абу-Даби қаласында (БАӘ) 44-ші  рет «World Skills» халықаралық жастар жарысы өткізілді. WorldSkills Competition чемпионатына  әлемнің 77 мемлекеті қатысты. Ал, Қазақстан құрама командасы 77 мемлекеттен 24 орынға ие болды. Ең бастысы, Қазақстан әлемдік чемпионатқа қатысып жатқан Орта Азиядаға жалғыз мемлекет.

WorldSkills Kazakhstan жобасы – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және дәріптеу болып саналады. Орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман тапшылығын азайтып, бәсекеге қабілетті, әрі инновациялық даму жолына түскен еліміз үшін аса қажет кадр дайындауда қосып  отырған үлесі зор.

Жарыс құрылыс, өндіріс және машина жасау технологиялары, роботты техника, көлік пен логистика және басқа салалардағы  51 жұмыс мамандығын қамтыды. Елімізден барған  жас мамандарымыз 23 құзіреттілік бойынша қатысты. Олар: Жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі, бетон технологиясының жұмыстары,  дәнекерлеу технологиясы, электроника, сантехника және жылыту, графикалық дизайн, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, мейрамхана сервисі, жеңіл автокөлік жұмыстарын жөндеу, сылау және декоративті жұмыстар, флористика, мехатроника, визуальды мерчандайзинг және витринистика, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, электромонтаж, инженерлік графика, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу, желілік және жүйелік басқару, нан пісіру шебері, веб-дизайн мамадықтары.

Іс-шараға 1300 – ден астам жас маман мен 100 мыңнана астам көрермен көзайым болды. Бұл жарыс жастарға өздерінің шеберліктерін, кәсіби деңгейін қалың көрерменге көрсетуге, сондай-ақ оларға біліктілігін, білімін жетілдіруде және жалпы болашақта мамандану бағытын таңдауда кәсіби мамандардан ақыл-кеңес алуға үлкен мүмкіндік берді.

Бұл  шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру,  кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау  бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.