Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарды құру бойынша (CTJ) USAID жобасы арасында өзара серіктестік туралы келісімге қол қойылды

2017 жылғы 18 қазанда Алматы қаласында жыл сайынғы жетінші «Өсу перспективалары: сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторы» Орталық Азия сауда форумы шеңберінде «Кәсіпқор» холдингімен және бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарды құру бойынша (CTJ) USAID жобасы арасында өзара серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Келісім щеңберінде бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беру саласында келесі салаларда шараларды және/немесе бағдарламаларды өткізу жоспарланып отыр:

– «Ауыл шаруашылығы», «Логистика», «Көлік» оқу бағдарламалары туралы ақпаратпен алмасу, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша;

– Холдингтің жаңа оқу бағдарламаларына сараптама жасау үшін серіктестерді іздеуге жәрдемдесу;

– арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арнайы оқу бағдарламаларды өңдеуге жәрдемдесу;

– техникалық және кәсіптік білім беру сұрақтары бойынша сарапшылық қолдау көрсету;

– Қазақстанның колледждері үшін серіктестерді іздеуге жәрдемдесу;

– шараларға қатысу (семинарлар, конференциялар, ақпараттық-танысу сапарлар және т.б.);

– бірге іске асырылатын серіктестіктің басқа да түрлері.


Форумда жаңа технологиялар, жеміс-көкөніс секторы саласында жабдықтау және қызметтер, көлік және өндірістік шығындарды азайту үшін көлік және логистика туралы көрме ұйымдастырылды.
Сауда форумы жеміс-көкөніс және көлік-логистикалық секторларында компаниялардың бәсекелестігін арттыруға және аймақта жаңа жұмыс орындарды құруға мүмкіндік берді.