Еуропалық білім қоры 2017 жылдың 5-6 қазанында ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Қазақстандағы дуалды оқытудың қаржылай және қаржылай емес ынталандыру. Стейкхолдерлерді тарту жолдары мен құралдары»
Семинар мақсаты:
- Білім деңгейіне қол жеткізу және дуалды оқытуды дамыту үшін қаржы сұрақтары және басқа да ынталандыру түрлерін Қазақстандағы әртүрлі стейкхолдерлермен (мемлекеттік және жеке сала, ең бастысы компаниялармен) біртұтас түсіну;
- Дуалды оқытуға стейкхолдерлардың қызығушылығын арттыру үшін ынталандыру (қаржылай және қаржылай емес) сұрақтар бойынша ЕО мемлекеттерінің тәжірибесімен семинар қатысушыларын таныстыру;
- Жұмыс орнында оқытуға компаниялардың қатысуын ынталандыру саласындағы тапсырмалар, жолдар мен қадамдар туралы алдын-ала талқылау жүргізу;
- Стейкхолдерлер қызығушылығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау және осы салада нақты қадамдар жасау.
Семинарға халықаралық сарапшылар (ЕБҚ, ЕО, Франция, Ұлыбритания, GIZ), ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдері, жұмыс берушілер мен колледж өкілдері қатысты.
Семинар мазмұнын жасау барысында жұмыс орнында оқыту және кәсіптік білімді қаржыландыру және басқару саласындағы Еуропалық білім қорының әдіснамалық жасалымдары пайдалынды.