Posted on

Жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының сараптамасы бойынша дөңгелек-үстел семинары

Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ ТжКОБКБ мазмұны және дамыту басқармасы техникалық және кәсіптік білім берудің 32 мамандығы бойынша жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сараптамадан  өткізуде.

Сарапшылар ретінде тартылғандар:

– білім, өнер және мәдениет, қызмет көрсету, экономика және басқару, мұнай газ өндірісі, технологиялық машиналар және жабдықтар, энергетика, геология және пайдалы қазбаларды өндіру, байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникациялар, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірудің технологиясы, құрылыс, көлікті пайдалану, экология бейіндер бойынша 21 оқу-әдістемелік бірлестіктері;

– «Қазақстан колледжінің қауымдастығы» ЗТБ, «Қарағанды Машинажасау Консорциумы» ЖШС, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ,  «Astana Garant Consulting» ЖШС, «Қазақстан Республикасы құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, «Позитив НС» ЖШС, «Astana-Systems» ЖШС, «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы» ЗТБ, «Азимут Геология» ЖШС, «Қазақстандық энергоаудиторлар қауымдастығы» ЗТБ, «Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жұмыс берушілердің 12 серіктестері.

2017 жылы 9 қазанда сарапшылар үшін дөңгелек-үстел семинар өткізілді. Семинарда ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әзірлеу әдістемесі және үлгісі талқыланды, жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сараптамадан өткізудің негізгі кезеңдері, бейіндер бойнша оқу-әдістемелік бірлестіктер және жұмыс берушілердің сараптамалық қорытындысының рәсімдеу ерекшеліктері қарастырылды.