Posted on

«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ мен Университет жанындағы білім беру колледждерінің Кореялық кеңесі арасында техникалық және кәсіптік білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді

2 қазан күні «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ мен Университет жанындағы білім беру колледждерінің Кореялық кеңесі арасында техникалық және кәсіптік білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған іс-шараға Университет жанындағы білім беру колледждерінің Кореялық кеңесінің өкілдері, Білім және ғылым министрлігінің өкілі және «Кәсіпқор» Холдингінің қызметкерлері қатысты.

Меморандум шеңберінде келесі бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлануда:

1) модульді бағдарламаларды әзірлеу туралы ақпарат алмасу;

2) білім саласындағы тиісті бірлескен зерттеу жобалары мен бағдарламаларын ұйымдастыру;

3) Тараптардың мүдделі ұйымдары есебінен шығындары іске асырылатын адами ресурстарды дамыту және әлеуетін өсіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастыру;

4) техникалық және кәсіптік оқу орындарының басшыларымен, оқытушылары және студенттерімен алмасу;

5) бейінді мамандықтар бойынша студенттермен баламалы алмасу бағдарламарын жүзеге асыру арқылы біліммен белсенді алмасу және мәдениаралық түсіністікке қолдау көрсету;

6) техникалық және кәсіптік білім мәселелері бойынша сараптамалық қолдау көрсету.