Posted on

«Қырғыз Республикасында дуальды оқытуда қазақстандық тәжірибені тарату» бойынша конференция

Ағымдағы жылдың 28-қыркүйегінде Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында «Қырғыз Республикасында дуальды оқытуда қазақстандық тәжірибені тарату» бойынша конференция орын алды. Конференцияны ұйымдастырушы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ) болды.


Аталған іс-шараға Қырғыз Республикасы (ҚР) Білім және ғылым министрлігі мен Сауда-өндірістік палата одағы, ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің еңбекпен қамту басқармасынының өкілдері, ҚР РҒӘО, Азиялық даму банкі, ҚР біліктілікті дамыту қоры, GIZ кеңесшілері, Бішкек қ. лицейлері қатысты. Қазақстан тарапынан Білім және ғылым министрлігі (БжҒМ) ТжКБ департаменті директорының орынбасары Ғ.Н.Даулетова, «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Л.Ж., «Кәсіпқор» Холдингі» стратегиялық даму және мониторинг басқармасының жетекшісі А.Д.Катьетова қатысты.
Конференция барысында Қазақстанда дуальды білім беруді енгізудің тәжірибесі мен «Кәсіпқор» Холдингі»-нің кәсіптік білімді дамытудың нүктесі ретіндегі рөлі жайлы баяндамалар оқылды. Дуальды білім беру жүйесіне жұмыс берушілерді тарту мәселесі де талқыланды.
Баяндама және презентациялармен келесі қатысушылар ортаға шықты:
– Г. Райнер, Қазақстан Республикасы БжҒМ халықаралық сарапшысы, «Қазақстанда дуальды білім беруді енгізу» туралы.
– Ғ.Н.Даулетова, Қазақстан Республикасы БжҒМ ТжКБ департаменті директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасында дуальды білім берудің заңнамалық негізін әзірлеу» туралы.
– Шонаева Л.Ж., «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, ««Атамекен» ҰКП міндеттері мен өкілеттіктері» жайлы.
– А.Д.Катьетова, «Кәсіпқор» Холдингі» стратегиялық даму және мониторинг басқармасының жетекшісі, «Кәсіптік білім беруді дамытудың Ұлттық институты» жайлы.
– А.Э. Иманкулов, Қырғыз Республикасы бастапқы және орта кәсіптік білім беру агенттігі директорының кеңесшісі, «Тігін мамандықтары бойынша дуальды білім бердің тәжірибесі мен перспективалары».
– М. Терехов, GIZ жобасы аясында «ТжКБ сапасын арттыру» компонентінің жетекшісі, «Жұмыспен қамтуда және кәсіптік білім беруде ынтымақтастықта болу» туралы.
Қатысушылар белсенділік танытумен қатар Қырғыз Республикасында қазақстандық дуальды білім берудің тәжірибесін енгізу мүмкіндіктерін де талқылады.
Конференция барысында ТжКБ түлектерінің біліктіліктерін сертификациялау, кәсіпкерлер палатасы мен әлеуметтік серіктестердің рөлі және дуальды білім берудің нормативті-құқықтық базасы туралы сөз қозғалды.
Сапар аясында қатысушылар «Ольга Классик Стайл» тігін кәсіпорнының оқу үрдісімен танысты. Оқудың 80% оқушылардың кәсіпорындағы тәжірибелік, 20% лицейдегі теориялық бөлігіне арналған.
№17 кәсіптік лицейдегі тігін ісі бойынша оқу үрдісі таныстырылды. Лицейде Қырғыз Республикасындағы дуальды білім берудің перспективалары талқыланды.
Конференция соңында қатысушылар тарапынан қорытынды жасалып, ұсынымдар жобасы әзірленді.


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307