Posted on

ТжКБ жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік моделі концепциясы

2017 жылы 21 қыркүйекте Астана қаласы, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлері және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін арттырудың деңгейлік моделі концепциясы» жобасын талқылау мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 қарашасындағы №653 Бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобының 2-ші кезекті отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының отырысына облыстық білім басқармаларының өкілдері, өңірлердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, қызметкерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығының», «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ қызметкерлері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша ТжКБ жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік моделі концепциясын толықтыру және түзету бойынша ұсыныстар жасалынды.