Posted on

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың APEC PetroTechnic жоғары колледжіне жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Атырауға келді. Алғашқы нысандардың бірі APEC PetroTechnic Жоғары колледжі болды.

Фото: PrimeMinister.kz

APEC PetroTechnic Жоғары колледжі республика бойынша мұнай-газ саласында ағылшын тілін білетін жоғары білікті мамандар даярлайтын елде теңдесі жоқ бірегей білім беру мекемесі болып табылады. Колледж қабырғасында шамамен 800 оқушы оқиды. Оқу үрдісінде қазіргі заманғы әдістер пайдаланылумен қатар, сабақтарды халықаралық деңгейдегі оқытушылар жүргізеді және шеберханалар өндірісте пайдаланылатын жаңа технологиямен жабдықталған.

Экскурсия барысында Премьер-Министр нысанды аралап, зертханаларындағы жаңа үлгідегі техникамен танысып, физика және химия лабораторияларына да көңіл бөлді. Жоғары колледждің техникалық жабдықталуы келген қонақтар үшін үлкен әсер қалдырды.

Экскурсиядан кейін Бақытжан Сағынтаев колледж студенттерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар APEC PetroTechnic үлгісінде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жолдары, шетелдік кадрларды жергілікті мамандарға алмастыру, инновациялық және ғылыми жұмыстарды субсидиялау және де дуальды білім берудің артықшылықтары туралы сұрақтар талқыланды.

Кездесу барысында Премьер-Министр аталған оқу орнының тәжірибесін басқа да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ендіру керектігін басып айтты. Сонымен қатар колледж мұғалімдерінен бөлек дайын кадрлар есебінде саналатын студенттерді де басқа өңірлерге оқытуға жіберу қажет.

Заманауи жабдықтарды игеру, ағылшын тілін білу – жылдам дамып келе жатқан өндірістерде сұранысқа ие кадрларды дайындаудағы басты факторлардың бірі. Сонымен қатар, Премьер-Министр сандық технологияларды дамыту қажеттілігін атап өтті