Posted on

Білім беру қажеттіліктері ерекше тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын жасау бойынша әдістемелік нұсқауларды талқылауға арналған дөңгелек үстел-семинар

2017 жылдың 4 қыркүйегінде «Техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын дайындау әдістемесін жасау» мемлекеттік тапсырмасын жүзеге асыру аумағында «Кәсіпқор» Холдингі» білім беру қажеттіліктері ерекше тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын жасау бойынша әдістемелік нұсқауларды талқылауға арналған дөңгелек үстел-семинар өткізді. Дөңгелек үстел-семинар ЖМ «Солтүстік Қазақстан кәсіптік дайындық және сервис колледжінде» өтті.

Дөңгелек үстел-семинарға Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақмола, Маңғыстау облыстары білім басқармаларының, Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының, ТжКБ оқу орындарының өкілдері қатысты.

Өз баяндамаларымен Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы В.В.Литвиенко, ЖМ «Солтүстік Қазақстан кәсіптік дайындық және сервис колледжі» арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері Н.В.Кузнецова, Қарағанды техника-құрылыс колледжі директорының кәсіптік оқыту бойынша орынбасары Қ.А.Жұманбаева мінбеге шықты.

В.В.Литвиенко білім беру қажеттіліктері ерекше тұлғалардың кәсіптік оқу жүйесі арқылы қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі мәселелері туралы сөз қозғаса, Қ.А.Жұманбаева мен Н.В.Кузнецова ТжКБ оқу орындарында білім беру қажеттіліктері ерекше тұлғаларды оқыту тәжірибесімен бөлісті.

«Кәсіпқор» Холдингінің техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мазмұнын дамыту басқармасының басшысы Ж.Қ.Далабаев пен басқарманың бас менеджері Ш.П.Төлешова қатысушлырға білім беру қажеттіліктері ерекше тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын жасау бойынша әдістемелік нұсқаулар жобасын ұсынды.

Қатысушылар жобаны белсенді талқылап, оны жетілдіру мақсатында үш жұмыс тобына бөлінді. Жобаға біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қатысушылар Солтүстік Қазақстан кәсіптік дайындық және сервис колледжінің оқу базасымен танысты.