Posted on

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен Bilim Media Group ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

5-қыркүйек күні «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен Bilim Media Group ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған іс-шараға Bilim Media Group ЖШС өкілі, Астана қаласы политехникалық колледжінің директоры, Көкшетау жоғары колледжі мен Теміртау политехникалық колледжінің орынбасарлары және «Кәсіпқор» Холдингінің қызметкерлері қатысты.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында жүзеге асырылды.

«Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.»

Меморандум шеңберінде келесі бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлануда:

1.1  «ТжКБ әлемі» атты ақпараттық порталды әзірлеу;

1.2  Техникалық және кәсіптік білім беру саласына қатысты білім мазмұнын орналастыру;

1.3  Холдинг ұсынатын оқу-әдістемелік әдебиеттерді цифрлық форматқа аудару;

1.4  Цифрлық форматқа аударылған оқу-әдістемелік әдебиеттердің бейнефрагменттері мен медиа курстарын әзірлеу;

1.5  «ТжКБ әлемі» порталы аясында келесі тақырыптық бөлімдерді даярлау:

  • ҚР колледждері студенттерін электронды оқытудың интеллектуалды жүйесі;
  • ҚР колледждері инженерлік-педагогикалық құрамының қашықтан біліктіліктерін арттырудың жүйесі;
  • «Мамандықтар әлемі» (кәсіптік бағдарды жүргізу үшін);
  • «Электронды кітапхана»;
  • Онлайн және офлайн тренажер-стимуляторлар;
  • 3D виртуалды лабораториялар;
  • видеостудия;
  • оқу-әдістемелік материалдар;
  • электронды архив.

1.6  ТжКБ жүйесінде жаңа оқу бағдарламалары мен инновациялық технологияларды енгізу;

Астана қаласы политехникалық колледжі мен Теміртау политехникалық колледжі өкілдері ТжКБ жүйесін дамыту үшін аталған жобаны қолдауда белсенділік танытты.