Posted on

Таза технологиялар

2017 жылы 29-тамызында ЭКСПО-2017 аясында Финляндия павильонының VIP-залында Таза технологиялар VIP-күні  өткізілді. Бағдарлама тақырыбы «Жасыл экономика тұжырымдамасын насихаттайтын Финляндия Таза технологиялар бойынша білімі». Семинарға   Қазақстандағы Финляндия елшілігі,  Қазақстан-Финляндия білім беру және инновациялар тобы (KFEIG), Хяме қолданбалы ғылымдар университеті,  JAMK қолданбалы ғылымдар университеті,  Лахти қолданбалы  ғылымдар университеті, Астана халықаралық қаржы орталығы (AХҚО), «Кәсіпқор»  Холдингі» , Назарбаев Университеті қатысты.

Кездесу барысында білім беру саласындағы Қазақстан-Финляндия ынтымақтастығын таза технологиялар және жасыл экономика саласында сұрақтар қозғалды.
Қазақстандағы Финляндияның бірінші  елшісі Финляндия және Қазақстан ынтымақтастығы туралы ақпарат берді. Осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл болады. Финляндік жоғары орындары мен Қазақстан жоғары орындары  медицина, энергетика саласында,  «Болашақ» бағдарламасы  бойынша  бірге қызмет істеп келеді

Хейкки Пуса- жаһандық білім беру қызметі менеджері, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті KFEIG Консорциум жұмысы , Қазақстан медициналық университеттер ынтымақтастығы, ынтымақтастық негізгі көрсеткіштері туралы айтты.

Кати Манскинен – таза технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу, дамыту және инновация директоры, Лахти қолданбалы ғылымдар университеті  Лахти қаласы мысалында Финляндиядағы таза технологиялар және жасыл экономика: электрмобильдер ,  қоқысты өңдеу технологиясы, күл шығарындылары,  циркуляциялау экономикадағы қалдықтарды басқару туралы баяндама жасады.

Харри Маттила – Хэме қолданбалы ғылымдар университетінің   аға оқытушы ықтималды арттыру, киберқауіпсіздік, жеке оқыту курсттары туралы айтты. Паси Райскимаки –  JAMK қолданбалы ғылымдар университеті директоры өндірістік инжиниринг, энерготехнологиялар зертханалары туралы мәліметтер берді.

Дастан Құсайынов – Назарбаев Университеті ғылыми-зерттеу және инновациялық жүйесі қызмет көрсету қызметкері  «NURIS (Nazarbayev University Research and Innovation System) инновациялық кластері: Астана Бизнес Кампус» тақырыбымен баяндама жасады. Ол кластер элементтері : университет, мектептер, коммерциялау офистары,технопарк, бизнес-инкубатор туралы айтты.

Асель Нұрахметова – Астана халықаралық қаржы орталығы (AХҚО) жасыл қаржыландыру департаменті директоры Астана қаржы орталығы жұмысы , инвесторлар Кеңесі , «жасыл экономика» туралы айтты.

Ернұр Рысмағамбетов –  Астана халықаралық қаржы орталығы (AХҚО) біліктілікті арттыру бюросының басшысы Қазақстандағы үздіксіз білім беру,нақты дағдылар алу үшін бағдарламалар туралы айтты.

КЕАҚ   ««Кәсіпқор» Холдингі басқарма төрағасы Нұрғали Аршабеков Холдинг жұмыс бағыты, мемлекеттік бағдарламаларды арттыру, ТжКБ оқу үрдісінің мазмұнын жаңарту, ТжКБ оқыту сапасын арттыру, ТжКБ беделін және тиімділігін арттыру, 2017 жылда  қызметі туралы, ТжКБ жүйені жаңарту және дамыту міндеттері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ол финдік әріптестерден түскен «жасыл» экономика, оқыту бағдарламаларды әзірлеу жайлы сұрақтарға жауап берді.

Семинар соңында таза технологиялар мен жасыл экономика бойынша  білім беру саласындағы ынтымақтастықтын Қазақстан-Финляндия мүмкіндіктері талқыланды.