Posted on

Жаһандық педагогикалық білім

2017 жылы 25-тамызында ЭКСПО-2017 аясында Финляндия павильонының VIP-залында Финляндияның білім  министрлігі ,  Хяме қолданбалы ғылымдар университеті,  JAMK қолданбалы ғылымдар университеті,  Лахти қолданбалы  ғылымдар университеті, Тампере Ересектерді оқыту орталығы  (ТАКК) және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым Министрлігі өкілдерінің қатысуымен Жаһандық Педагогикалық Білім VIP-күні  өткізілді.

Кездесу барысында білім беру саласындағы Қазақстан-Финляндия ынтымақтастығын дамыту жайлы сұрақтар қозғалды.
Финляндияның білім беру министрі   Саани Грахн-Лаасонен  ханым Финляндияда білім беру, Консорциум KFEIG кіретін қолданбалы ғылымдар университеттер жұмысы туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев екі Министрліктер ынтымақтастығы, білім беру саласында қарым-қатынастардың даму болашағы туралы баяндама жасады.

Сонымен бірге семинар барысында Назарбаев зияткерлік мектептері және Хяме қолданбалы ғылымдар университеті, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті араларында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Ханым Есси Риимин – Аға оқытушы және Ғылым менеджері, Хяме қолданбалы ғылымдар университеті (HAMK) құзыретті мұғалімдері  21-ғасыр дағдылары, Финляндияның білім беруі  жайлы ой-пікірі туралы айтты.

КЕАҚ ««Кәсіпқор» Холдингі басқарма төрағасы орынбасары Әсима Бимендина Холдинг жұмысы және КЕАҚ финдік әріптестерімен ынтымақтастың жоспары туралы баяндама жасады.

JAMK қолданбалы ғылымдар университеті директоры Тимо Юнтунен  Финляндия қолданбалы ғылымдар университетінің  табыс факторлары туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы ғылым және білім беру Министрлігі халықаралық ынтымақтастық және заң қызметі Департаменті директорының  орынбасары  Акерке Абылайхан  Қазақстан мен Финляндия арасындағы ғылым және білім беру саласындағы  ынтымақтастық туралы ақпарат берді.

Семинар соңында кафе түрінде практикалық сессия өткізілді. Семинарға қатысушылар екі ел арасындағы  ынтымақтастықтың негізгі сұрақтарын қозғады.