Posted on

Қолданбалы бакалавриатты Қазақстан колледжерінде енгізудің өзекті сұрақтары бойынша мәжілісі

«Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ базасында 2017 жыл 23 тамызда ТжКОБКББ мазмұны және даму басқармасының, Қазақстан Республикасы жоғарғы медициналық колледждерінің әдіскерлерінің және Қолданбалы ғылым университетінен Финляндиялық әріптестердің философия ғылымдарының докторы Йоханна Хейккиля  мен Хейкки Пусаның қатысуымен біріккен отырыс болды.

Отырыс барысында Қазақстан колледждерінде қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша өзекті сұрақтар каралды.

«Қазақстандық медициналық колледждер одағы» ЗТБ Басқарма Төрайымы Ж.С.Шалхарова «Медбике ісі» мамандығы бойынша Қазақстан жоғарғы медициналық колледждерінде қолданбалы бакалавриат енгізу» эксперименті жөнінде мәлімдеді. Негізгі мақсаты жаңа формациядағы медбикелік іс мамандарын тәжірибелік бағытта дайындау.

Йоханна Хейккиля кредитті-модульді технологияны қолданып қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізу Финляндияда қалай жүргендігі жөнінде бөлісті.

ТжКОБКББ мазмұны және даму басқармасының басшысы Ж.Қ.Далабаев Қазақстандық жоғарғы колледждерде қолданбалы бакалавриат енгізу бойынша нормативтік құқықтық базалар, қолданбалы бакалавриат оқу бағдарламасының форматы және әдістемесін жасақтау жобасы жөнінде айтып берді.

Отырыс барысында ұсыныстар айқындалды.

ҚР колледждерінде қолданбалы бакалавриат енгізу және сүйемелдеу сұрақтары бойынша тиімді қарым-қатынаста болу үшін «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ мен  «Қазақстандық медициналық колледждер одағы» ЗТБ арасында меморандум жасау жоспарланды.