Posted on

ТжКБ мамандықтары профилі бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің секциялық отырысы

Холдинг 2017 жылдың 21 тамызында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білім үлесі» Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы аясында, «Өзгеріп жатқан әлем үшін кәсіптік дағдыларды өзгерту» тақырыбында ТжКБ мамандықтары бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) секциялық отырысын өткізді.

Іс-шара Астана қаласындағы Политехникалық колледж базасындаөткізілді.

Отырысты өткізу мақсаты – ТжКБ мамандықтары бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс сапасын талқылау.

Секциялық отырысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ТжКБ департаментінің мазмұн және әдіснама басқармасының басшысы, бейін бойынша оқу-әдістемелік бірлестік төрағалары,аймақтық оқу-әдістемелік орталық басшылары, аймақтық Білім беру басқармаларының ТжКБ бөлімдерінің басшылары және ОӘБ бейіндеріне бекітілген холдинг мамандары қатысты.

 

Секциялық отырыста келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. «3 қазан 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестігі туралы» №552 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы №572 бұйрығы және ОӘБ құрамына ұсыныстар енгізілді;
  2. Қазақстан Республикасы колледждерін саралау әдістемесі;
  3. ТжКБ мамандықтары бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік құрамына кіретін колледждердің мәліметтер базасы туралы;

4.Қазіргі уақытта колледж оқытушыларынан құрылған авторлық ұжымдар туралы;

5.Авторлық ұжымдардың әзірлеген оқу-әдістемелік құралдары, электронды оқулықтары туралы;

6.Қолданбалы бакалавриатты енгізу туралы.

Холдинг басқарма төрағасының орынбасары Бимендина А.Т. оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бойынша жүргізілген іс-шаралардың мазмұнына назар аударып, Холдингпен белсенді жұмыс жүргізгендері үшін ОӘБ төрағаларына алғыс білдірді. Колледждер рейтингісін қалыптастыру үрдісіне барлық ОӘБ белсенді қатысулары қажеттігін атап өтті.

ТжКБ департаментінің мазмұн және әдіснама басқармасының басшысы Алгазинова К.М. қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және колледждердегі орта буын мамандарын дайындау сапасы және мәселелері туралы пікірін білдірді.

Отырыс барысында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ОӘБ төрағасының орынбасары Сабитова Т.Б. «Педагог кадрларын даярлау – кәсіптік білім беру жүйесінің маңызды саласы» тақырыбында баяндама жасады.

Орта Азиядағы «FESTO» компаниясы дидактика департаментінің директоры Кусков С.О. «Мехатронника бойынша халықаралық жарыстарға дайындаудың аймақтық орталығы» тақырыбында жоба ұсынды.

Секциялық отырыс қорытындысы бойынша ТжКБ мамандықтары бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.